https://sputnik.kz/20230427/qazaq-tilin-bilu-azamattyn-qanshalyqty-patriot-ekenin-korsetedi--toqaev-34345871.html
Қазақ тілін білу азаматтың қаншалықты патриот екенін көрсетеді – Тоқаев
Қазақ тілін білу азаматтың қаншалықты патриот екенін көрсетеді – Тоқаев
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді үйрену қалыпты жағдайға айналуы қажет екенін айтты. 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T11:22+0500
2023-04-27T11:22+0500
2023-04-27T11:22+0500
қоғам
қасым-жомарт тоқаев
қазақ тілі
https://sputnik.kz/img/979/13/9791357_72:0:1996:1082_1920x0_80_0_0_d94bb291d893a056b671b42d23431fb5.jpg
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді үйрену қалыпты жағдайға айналуы қажет екенін айтты.Тоқаевтың айтуынша, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек.Президент қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болатынын атап өтті."Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді", - деп санайды Тоқаев.Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет. Тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды, деп түйіндеді сөзін ол.
https://sputnik.kz/20230427/etnosaralyq-qatynasqa-qatysty-kez-kelgen-arandatudyn-zholyn-kesemiz-prezident-34345474.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/979/13/9791357_312:0:1755:1082_1920x0_80_0_0_03cdb9212484b15af665bb12e0b6ae1d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі
қасым-жомарт тоқаев, қазақ тілі
Қазақ тілін білу азаматтың қаншалықты патриот екенін көрсетеді – Тоқаев
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді үйрену қалыпты жағдайға айналуы қажет екенін айтты.
Тоқаевтың айтуынша, барлық азаматтың мемлекеттік тілді меңгеру мәселесі саясатымыздың стратегиялық бағыты болып қала береді. Қазақ тілі – азаматтық интеграцияның тиімді құралы, мәдени-рухани тұтастықтың жарқын көрінісі. Сондай-ақ қазақ тілі ғылыми прогресс пен білімнің озық жетістіктеріне жол ашатын құралға айналуы керек.
"Бұл – тек салалық министрліктердің ғана емес, бүкіл қоғам болып шешетін тарихи міндет. Осы ретте асырасілтеушілік пен даңғазалыққа жол бермей, парасатты әрі дәйекті түрде әрекет еткен жөн. Мемлекеттік тілді оқымаған және тиісті деңгейде меңгермеген азаматтар тіл білмегені үшін қысым көрмеуге тиіс. Сонымен қатар біздің қоғамда мемлекеттік тілді үйрену, оны білуге ұмтылу қалыпты жағдайға айналуы қажет", - деп мәлімдеді мемлекет басшысы ҚХА-ның ХХХІІ сессиясының отырысында.
Президент қазақ тіліне сұраныс артқанда ғана ол көпшілік кең қолданатын тіл болатынын атап өтті.
"Түптеп келгенде, бірнеше тіл білу – әр адамның мәдениеттілігінің белгісі. Ал мемлекеттік тілді, әсіресе ана тілін, яғни қазақ тілін білу – қандай да бір азаматтың мәдени өресі, азаматтық жауапкершілігі қаншалықты биік екенін білдіреді. Сондай-ақ қаншалықты патриот екенін көрсетеді", - деп санайды Тоқаев.
Жалпы, мемлекеттік тіл төңірегінде оң көзқарас ұстану қажет. Тіл мәселесіне қатысты барлық пікірталас этникалық емес, азаматтық және саяси сипатқа ие екенін түсіну маңызды, деп түйіндеді сөзін ол.