Алматыдағы жаппай тәрпісіздіктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.05.2022
Қаңтар оқиғасы
2022 жылғы қаңтарда Алматы қаласы мен басқа да өңірлерде болған жаппай тәртіпсіздіктерге қатысты материалдар

Қаңтар оқиғасы: Алматы әуежайын басып алғандарға қатысты сот әлі жалғасып жатыр

© Sputnik "Қазаэронавигацияның" аға диспетчері Игорь Лопаченко куәгер ретінде жауап берді.
 Қазаэронавигацияның аға диспетчері Игорь Лопаченко куәгер ретінде жауап берді. - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Қылмыстық іс бойынша "Қазаэронавигацияның" аға диспетчері Игорь Лопаченко куәгер ретінде жауап берді.
Игорь Лопаченконың айтуынша, ол 5 қаңтарда кешкі сағат сегізге қарай медициналық бақылаудан өтіп, ғимараттан шыққанда әуежай маңынан шулаған дауысты естіген.
Ол әріптестерімен бірге қызметтік автобусқа отырып, әуе қозғалысына қызмет көрсету орталығына бет алады. Алайда оларды белгісіз топ тоқтатып алады.
© Sputnik Игорь Лопаченко
В Алматы продолжается суд по делу лиц, обвиняемых в захвате аэропорта во время январских событий. По делу свидетелем выступил старший диспетчер Казаэронавигации Игорь Лопаченко.  - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Игорь Лопаченко
Игорь Лопаченко екі көліктің қатаң тыйым салынған ұшу-қону жолағынан өтіп бара жатқанын көреді. Куәгер олардың ғимараттың жанында кездескен бөгде адамдар екенін кейінірек білген.
"Бізді кіреберісте 10-15 адам қарсы алды, олардың кейбіреуінің қолында таяқ сияқты бір нәрселер болды. Олар ұшақтардың ұшуына және қонуына жол бермеу үшін бізге кезекшілік атқармайсыңдар, үйлеріңе тараңдар деп талап қойды", - деді Лопаченко.
Оның айтуынша, топтағы біреу айқайлап, талап орындалмаса бір топ адамды шақыратынын айтқан. Бейджик таққан, басында күнқағары бар және кеудеше киген белгісіз адам айқайлаған адамды тыныштандыруға тырысты.
Сондай-ақ Лопаченко белгісіз топпен "Қазаэронавигация" жетекшісі Абдулкаим Рузиев келіссөз жүргізіп, кейіннен қызметкерлерге жұмыс орнына көтерілуге нұсқау бергенін айтты.
Қорғаушының "істің фото және бейнематериалдарымен таныссыз ба" деген сұрағына куәгер Лопаченко интернет желісінде "Қазаэронавигация" ғимаратында түсірілген бақылау камераларының бейнежазбасын көргенін айтты.
"Құрметті сот, куәгердің бұл айғағына назар аударуыңызды сұраймын. Яғни, қылмыстық іс материалдары, атап айтқанда, бейнежазба желіде тарап кеткен. Сотталушылар ол бейнежазбаларға қол жеткізе алмайды. Кім және қандай жағдайда бейнежазбаны таратты, прокурорлардан осы жайтты қаперге алуын сұраймын", - деді адвокат Абзал Айдарханов.
Ол тергеу барысында процестік заң бұзушылықтарға жол берілгенін, атап айтқанда, куәгер мен Қалас Нұрпейісовтің бетпе-бет дәлелдемесі еш айғақсыз жүргізілгенін айтты.
Естеріңізге сала кетейік, қаңтар оқиғасы кезінде әуежайдағы бүлікті ұйымдастырды деген күдікпен бес адамға қатысты сот болып жатыр. Оларға жаппай тәртіпсіздіктер ұйымдастырды және Алматы әуежайын басып алуға және оның қызметін тоқтата тұруға бағытталған іс-әрекеттер жасады деген айып тағылды.
Бұған дейін сотталушылар өз кінәсін мойындамайтынын және сотта бір-бірімен алғаш рет кездескенін айтқан болатын.
Жаңалықтар
0