https://sputnik.kz/20230427/eo-ga-kiretin-postkenestik-elderdi-ne-kutip-tur-34378815.html
ЕО-ға кірген кезде посткеңестік елдерді не күтіп тұр
ЕО-ға кірген кезде посткеңестік елдерді не күтіп тұр
Sputnik Қазақстан
Sputnik, Вадим Павлов. Осы аптада Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Брюссельде Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен кездесуде елдің ұсыныстардың... 27.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-27T21:08+0500
2023-04-27T21:08+0500
2023-05-03T11:34+0500
еуропалық одақ
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:257:2731:1793_1920x0_80_0_0_e4b95e5d1b2fd94a2e470e0e799da65d.jpg
Sputnik, Вадим Павлов. Осы аптада Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Брюссельде Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен кездесуде елдің ұсыныстардың басым бөлігін орындағанын және 2023 жылдың соңына қарай ЕО кандидаты мәртебесін алуға лайық екенін айтты. Ал 5-10 жылдың ішінде оның маусым айындағы мәлімдемесіне сәйкес, республика қажетті реформаларды жүргізіп, Еуроодаққатолыққанды мүше болуға мүмкіндік беретін нағыз еуропалық мемлекетке айналады.Мұндай мәлімдемелерді Молдованың бірінші тұлғалары да жиі айтып жүр. Осы аптада республика парламентінің спикері Игорь Гросу биылғы жылдың соңына дейін билік Молдованың Еуроодаққа кіруі бойынша келіссөзді бастау туралы бірауызды шешімге қол жеткізуге үмітті екенін айтты. Ал республика президенті Майя Санду шамамен бір ай бұрын республиканың Еуроодаққа кіретін мезгілі ретінде 2030 жылды атады.Қаңтар айының соңында Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Грузия мен Молдова басшыларына қарағанда әлдеқайда оптимистік пікір білдіріп, ел екі жыл ішінде Еуроодақтың толыққанды мүшесі болады деп күтетінін жеткізді.Бүгінгі күні бұл үштік ЕО-ға мүше болуға белсенді ұмтылып жатыр. Бірақ олар үшін одаққа қабылданған жағдайда, посткеңестік мемлекеттердің экономикасын қандай салдар күтуі мүмкін екені екінші мәселе болып көрінеді.Жоғарыда аталған үштік ел Еуроодаққа кірген жағдайда экономикалық даиуды қалай елестететіні туралы көбіне Польшаны мысалға алады. Поляктарды үлгі етуге расында да себеп бар секілді: Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Польша Еуропалық Одаққа кіргенге дейін (2003 жылғы жағдай бойынша) республиканың ЖІӨ 217,8 миллиард долларды, 19 жылдан кейін (2022 жылдың соңына қарай) 679,4 миллиард долларды құрады. Үш еседен астам немесе 400 миллиард доллардан астам өсім тұрақты.Бірақ 1980 жылдардың соңынан бастап АҚШ мен Еуропалық Одақ Шығыс Еуропада батысшыл "орталық" құру үшін Польшаға екі жүз миллиард доллар мен еуродан астам инвестиция салғанын ескеру керек. Бұл тікелей субсидиялар мен инвестициялар арқылы да, несиелер арқылы да, соның ішінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және басқа да қаржы институттары арқылы орындалды.Польша өзін мұхиттың арғы жағында АҚШ қолдап тұрғанын түсініп, Еуроодаққа кіру кезеңінде өз талаптарын қоя білді. Республика 15 жылға жуық уақыт болашақта одаққа кіру шарттары туралы "саудаласып" келді. Осының арқасында Варшава бірқатар ерекше шарт мен артықшылықтарға ие болды, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамытуға орасан зор дотациялар алды. Оның үстіне, республика әлі күнге дейін еуро пайдасына ұлттық валютадан (поляктық злотый) бас тартқан жоқ және егемендігінен айырылмас үшін жақын уаақытта еуропалық валютаға көшетін доспары да жоқ секілді.Ендеше Брюссель Грузия, Молдова және Украинаға қатысты осындай кеңдік танытады ма? Украина президенті Виктор Янукович 2003 жылы Еуроодақпен қауымдастық келісімінің талаптарын өз елі үшін оңтайландыруға тырысқан. Ақырында бұл мемлекеттік төңкеріске, қарулы қақтығысқа және Киевтің кез келген талап бойынша Одаққа кіруге көнуіне әкелді.Жақында ғана Грузиядағы шетелдік агенттер туралы заң жобасының үлкен дауға ұласып, ақырында Еуроодақ Тбилисиге егер бұл құжат қабылданса, ЕО үшін есіктер жабылатыны туралы ескерткенін мысал етуге болады. Сондықтан, Брюссель "қауымдасқан үштік" елдерімен тең дәрежеде диалог жүргізбейтіні аңғарылады.Брюссельдің Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне Еуроодаққа кірер алдында қойған басты талаптарының бірі – олардың біртұтас еуропалық нарықтағы бәсекелестік ортаға толық сәйкес келуі үшін өз экономикаларының нарықтық реформаларын жүргізу болды.Бұрын "Шығыс блоктың" құрамында болған елдер Батыс Еуропамен тең дәрежеде бәсекеге түсе алмады. Батыстық нұсқаулықтар бойынша олардың өз экономикасын социалистік сипаттан нарықтық бағытқа көшіру бағаны ырықтандыру, жекешелендіру және басқа да көптеген ауыр салдарға әкеліп, олардың меншікті өндірісінің бұзылуына ықпал етті. Яғни, Еуроодақ талаптарына сәйкестендіру мақсатында жүргізілген мұндай реформалардың салдарынан көптеген сала батыс елдерімен бәсеккелестікке төтеп бере алмады.Мысалы, Еуроодаққа кірер алдында Венгрияда Еуропадағы ең ірі автобус өндірушілерінің бірі "Икарус" тоқырады, ал ауыл шаруашылығы шамамен екі есеге қысқарды. Есесіне қазір Венгрияда Mercedes пен Volvo автобустарын жиі көруге болады, ал бір кездері азық-түлікке деген қажеттілігін 130% қамтамасыз еткен елдің дүкен сөрелерінде ЕО-ның ірі елдерінен жеткізілген ет, көкөніс, сүт өнімдері және басқа да азық-түлік көбейген.Ресей ғылым академиясының Экономика институты зерттеушілерінің пікірінше, Венгрияның ЕО-ға кіруі венгриялық кәсіпорындардың оннан бір бөлігіне ғана тиімді әсер етті – олар Одақтың ортақ нарығының мүмкіндіктерін пайдалана алды. Қалған 9/10 кәсіпорын дағдарысты бастан өткерді. Венгрияның ЖІӨ-дегі шетелдік компаниялардың үлесі 2016 жылдан бері 50%-дан асты, ал жекелеген салалар толығымен дерлік шетелдіктердің меншігінде тұр.Польшада, басқалармен қатар, Гданьск кеме жасау кәсіпорны, металлургиялық кешеннің кәсіпорындары және көмір өнеркәсібі құлдырады. Бұрын социалистік аумақты түгел дерлік ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз еткен Болгарияда қазір жеміс пен көкөністің 90%-ке жуығы импортталып, отандық өндіріс толығымен дерлік жойылды. Еуропадағы ең ірі балық аулау флоттарының бірі (500-ге жуық кеме) КСРО-дан мұраға қалған Литва ЕО-ға кірген кезде балық аулауға квота алып, бірақ флот түгел дерлік жарамсыз деп танылды. Латвия мен Эстонияда да оындай жағдай болды. Еуропалық қорлардан төленген балық аулауға қойылған шектеулер үшін өтемақы саланы сақтап қала алмады.Бірнеше Орталық және Шығыс Еуропа елі Брюссельдің КСРО салған атом электр станцияларын жабу қажеттілігі туралы талабына тап болды. Игналина АЭС-тің арқасында электр энергиясына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оны көршілес мемлекеттерге экспорттаған Литва Еуроодақтың талабы бойынша станцияны қолданыстан шығарды. Осылайша бұл республика электр энергиясын экспорттаушы елден импорттаушыға айналды.Бір кездері Балқандағы ең ірі электр қуатын экспорттаушы және электр энергиясымен Албания, Грекия, Македония, Румыния, Сербия және Түркияны жабдықтаған Болгария ЕО-ның талабы бойынша Козлодуй АЭС-тегі 6 энергоблоктың 4-ін істен шығарды. Словакия да дәл осындай талап бойынша Ясловск-Богуницадағы V-1 АЭС-ті жабуға мәжбүр болды.Осылайша Литва, Болгария және Словакия Еуропалық Одақ талаптарының салдарынан тәуелсіз экономикалық дамудың елеулі мүмкіндіктерінен айырылып, Брюссельге одан сайын тәуелді болды. ЕО осы елдерге атом электр станцияларының жабылуы берген өтемақы саланы эәне экономиканы дамытуға еш септігін тигезбеді. Осы тектес жағдай Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі барлық салада байқалады.Бұрын Шығыс блокта болған, қазір Еуропалық Одақтың бір бөлігі болып табылатын елдер бұл бірлестікке кіру арқылы көптеген жеңілдікке ие болды. Олардың ішінде қозғалыс еркіндігі, Батыс Еуропаның еңбек нарығына шығу, шетелде білім алу мүмкіндігі, жаңа сауда-қаржылық ағындардың қалыптасуы және тағы басқасы бар. Бірақ мұның барлығы экономикасы әлсіз ел интеграциялық құрамдас бөлігі бар бірлестікке кіргенде, дәл осы мемлекеттің Одақтың қуатты мүшелеріне қатты тәуелді болуымен орындалатынын ескеру керек.Еуроодаққа мүше болған бұрынғы социалистік блоктағы кез келген мемлекеттің экономикасы дамып, халқының әл-ауқаты артқаны туралы жиі айтылады. Бірақ ЖІӨ өсімі, ашық нарығы және ЕО-ға қосылудың басқа да тиімді тұстары бар бұрынғы социалистік блок мемлекеттері өздерінің бюджет тапшылығы мәселелерін шеше алмай отыр. Сондықтан бюджет шығыны кірістен көп болған мұндай мәселелер ЕО құрылымдық қорларының субсидияларымен, Брюссельден дотация алу арқылы шешіліп жатыр."Орталық Азия елдеріне қаржылық қолдау көлемін ескере отырып, бұл мемлекеттердің экономикасы енді тәуелсіз дамуға қабілетсіз және дотацияны қысқартуға дайын емес деп сеніммен айтуға болады. Өйткені бұл халықтың өмір сүру деңгейіне бірден және қатты әсер етеді", - дейді мақала авторы.Осының барлығымен бұл субсидиялардың барлығы донор деп аталатын елдердің - ЕО бай мемлекеттерінің иығына түседі. Олар Еуропалық Одақтың жалпы бюджетіне одан алғандарынан әлдеқайда көп түсіредіӘлеуметтік-экономикалық зерттеулер институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Алексей Зубец Еуропалық Одақта еңбек бөлінісі жүйесі бар екенін айтты. "Еуроодаққа мүше 27 елдің ішінде 5-7 мемлекет өнеркәсіптік ел болып саналады. Қалғандары арзан адам ресурстары мен шикізатты жеткізушілер болып қарастырылады".Расында да, бұрынғы социалистік блок елдері озық ЕО елдері үшін еңбек күшінің донорына айналды. Себебі көптеген Орталық және Шығыс Еуропа елінің халқы тұрақты азайып, құнды кадрлар мен студенттер Батысқа жұмыс істеуге және оқуға жаппай кетіп жатыр.Еуроодақтың бюджет және адам ресурстары жөніндегі бұрынғы комиссары Гюнтер Эттингер бай елдер кедей елдерге қарағанда ортақ нарықтан көбірек пайда көретінін, өйткені олар ортақ бюджетке аударылған ақшаға олар "Германия мен Голландиядан жабдықтар мен өнеркәсіп өнімдерін сатып алатыны" туралы бұған дейін де айтқан. Бұлай жасамасқа басқа амал жоқ. Себебі олардың өз өндірісі ЕО ішіндегі бәсекеге төтеп бере алмай, отандық фирмалар не жоғалып кетті, не метрополийден келген "бәсекелестеріне" сатылды."Орталық және Шығыс Еурлпа елдеріне дотация берілмесе, онда экономикалық дағдарыс басталып, халықтың әл-ауқаты, күнкөріс деңгейі төмендейді. Бұл өз кезегінде Германия, Франция секілді табысты жұмыс орындары бар елге қарай халықтың жаппай қоныс аударуына әкеледі. Сонымен қатар қазір қамқорлықта тұрған мемлекеттерге қаражат бөлуді доғару керектігі жиі айтылып жүр. Себебі, жауапты тұлғалар бірнеше жыл қатарынан бұл елдерге өз экономикасын аяққа тұрғызуға қажетті қаражат бөлінгенін алға тартады. Донор-елдердің ресурстары шектеусіз емес екені белгілі", - дейді Алексей Зубец.Қорытындылай келгенде, экономикасы әлсіз елдер Еуроодақ сияқты интеграциялық бірлестіктерге кіре отырып, экономикасы күшті елдерге қатты тәуелді болады. "Әлсіз" елдердің арзан жұмыс күші "күшті" елдерде жақсы өмір сүруге/жұмыс істеуге/оқуға/ ұмтылады. Өйткені "әлсіз" елдерде бәсекеге төтеп бере алмағандықтан өндіріс жабылып, ресурстардың барлығы "күшті" мемлекеттерге ығысады."Әлсіз" елдер өз тіршілігін жалғастыруы үшін оларға ақша салымдары мен осындай қаржылық қолдау қажет. Осылайша "әлсіздер" дәл осы интеграциялық блокта қаржыны қайта бөлудің әртүрлі бағдарламаларына қатты тәуелді болады."Егер Грузия, Молдова немесе Украина Еуроодаққа қосылса, олардың барлығын Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің тағдыры күтіп тұр", - дейді Алексей Зубец. - Бір жағынан, бұл олардың экономикасын қандай да бір жолмен қолдауға арналған қаржылық көмек болса, екінші жағынан сол өнеркәсіптік елдердің қосымшаға айналдыру".Сарапшы "қауымдастық үштік" елдердің Еуроодаққа кіруі екіталай, себебі оларды одақта ешкім күтіп отырған жоқ деп санайды. "Бірақ бұл орындалған күннің өзінде, ол мемлекеттер тек арзан жұмыс күші ретінде ғана кіре алады, - дейді Алексей Зубец. - Грузия, Молдова және Украина ЕО-ға кіргеннен кейін бұл елдердің азаматтары ЕО-да толыққанды жұмыс істеу құқығына ие болады. Яғни, бұл Франциядағы жүзімдіктердегі немесе Испаниядағы жылыжайлардағы ауыр жұмыстарға баратын арзан жұмыс күші болады".Еуропалық Одаққа кіруге ұмтылатын посткеңестік мемлекеттердің жиі негізге алатын поляк мысалына қайта оралсақ, ол да мінсіз емес деп айта аламыз.2023 жылдың ақпанында Еуропалық комиссия Варшаваға қарсы сот талапарызы өндіріске енгізілгені туралы хабарлады. Оған Польша конституциясының еуропалық құқықтан үстемдігі туралы Польша Конституциялық сотының шешімі себеп болды.Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға Варшаваға қарсы қаржылық санкцияларға әкелуі мүмкін. Ал Польша қазірдің өзінде ЕО Сотының Польшадағы судьялардың жұмыс уақыты туралы шешімін орындамағаны үшін күн сайын 1 миллион еуро айыппұл төлеуге міндетті. 2021 жылдың қарашасынан бастап айыппұлдардың жалпы сомасы қазірдің өзінде 450 миллион еуродан асты және оның бір бөлігі еуропалық қорлардан Варшаваға берілетін дотациялардан ұсталады.Жақында ғана Брюссель "ел демократиялық реформаларға оралғанға дейін және сот жүйесінің тәуелсіздігі, академиялық бостандықтар мен ЛГБТ құқықтарымен байланысты шарттарды орындағанға дейін" Венгрияға ЕО бірігу қорларынан 22 миллиард еуро төлеуді уақытша бұғаттады. Сондықтан ЕО-дағы Шығысты қолдау саясатының қысқаруы бұрынғы социалистік блоктың басқа елдері үшін әлдеқайда ауыр салдар әкелуі мүмкін.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/501/84/5018465_0:0:2731:2048_1920x0_80_0_0_543df1950fc08de0079e63e8f082b6ec.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еуропалық одақ, инфографика
еуропалық одақ, инфографика
Sputnik, Вадим Павлов. Осы аптада Грузия премьер-министрі Ираклий Гарибашвили Брюссельде Еуропалық кеңес төрағасы Шарль Мишельмен кездесуде елдің ұсыныстардың басым бөлігін орындағанын және 2023 жылдың соңына қарай ЕО кандидаты мәртебесін алуға лайық екенін айтты. Ал 5-10 жылдың ішінде оның маусым айындағы мәлімдемесіне сәйкес, республика қажетті реформаларды жүргізіп, Еуроодаққатолыққанды мүше болуға мүмкіндік беретін нағыз еуропалық мемлекетке айналады.
Мұндай мәлімдемелерді Молдованың бірінші тұлғалары да жиі айтып жүр. Осы аптада республика парламентінің спикері Игорь Гросу биылғы жылдың соңына дейін билік Молдованың Еуроодаққа кіруі бойынша келіссөзді бастау туралы бірауызды шешімге қол жеткізуге үмітті екенін айтты. Ал республика президенті Майя Санду шамамен бір ай бұрын республиканың Еуроодаққа кіретін мезгілі ретінде 2030 жылды атады.
Қаңтар айының соңында Украина премьер-министрі Денис Шмыгаль Грузия мен Молдова басшыларына қарағанда әлдеқайда оптимистік пікір білдіріп, ел екі жыл ішінде Еуроодақтың толыққанды мүшесі болады деп күтетінін жеткізді.
Бүгінгі күні бұл үштік ЕО-ға мүше болуға белсенді ұмтылып жатыр. Бірақ олар үшін одаққа қабылданған жағдайда, посткеңестік мемлекеттердің экономикасын қандай салдар күтуі мүмкін екені екінші мәселе болып көрінеді.
Жоғарыда аталған үштік ел Еуроодаққа кірген жағдайда экономикалық даиуды қалай елестететіні туралы көбіне Польшаны мысалға алады. Поляктарды үлгі етуге расында да себеп бар секілді: Дүниежүзілік банктің мәліметі бойынша, Польша Еуропалық Одаққа кіргенге дейін (2003 жылғы жағдай бойынша) республиканың ЖІӨ 217,8 миллиард долларды, 19 жылдан кейін (2022 жылдың соңына қарай) 679,4 миллиард долларды құрады. Үш еседен астам немесе 400 миллиард доллардан астам өсім тұрақты.
Бірақ 1980 жылдардың соңынан бастап АҚШ мен Еуропалық Одақ Шығыс Еуропада батысшыл "орталық" құру үшін Польшаға екі жүз миллиард доллар мен еуродан астам инвестиция салғанын ескеру керек. Бұл тікелей субсидиялар мен инвестициялар арқылы да, несиелер арқылы да, соның ішінде Халықаралық валюта қоры, Дүниежүзілік банк және басқа да қаржы институттары арқылы орындалды.
Польша өзін мұхиттың арғы жағында АҚШ қолдап тұрғанын түсініп, Еуроодаққа кіру кезеңінде өз талаптарын қоя білді. Республика 15 жылға жуық уақыт болашақта одаққа кіру шарттары туралы "саудаласып" келді. Осының арқасында Варшава бірқатар ерекше шарт мен артықшылықтарға ие болды, соның ішінде ауыл шаруашылығы мен инфрақұрылымды дамытуға орасан зор дотациялар алды. Оның үстіне, республика әлі күнге дейін еуро пайдасына ұлттық валютадан (поляктық злотый) бас тартқан жоқ және егемендігінен айырылмас үшін жақын уаақытта еуропалық валютаға көшетін доспары да жоқ секілді.
Ендеше Брюссель Грузия, Молдова және Украинаға қатысты осындай кеңдік танытады ма? Украина президенті Виктор Янукович 2003 жылы Еуроодақпен қауымдастық келісімінің талаптарын өз елі үшін оңтайландыруға тырысқан. Ақырында бұл мемлекеттік төңкеріске, қарулы қақтығысқа және Киевтің кез келген талап бойынша Одаққа кіруге көнуіне әкелді.
Жақында ғана Грузиядағы шетелдік агенттер туралы заң жобасының үлкен дауға ұласып, ақырында Еуроодақ Тбилисиге егер бұл құжат қабылданса, ЕО үшін есіктер жабылатыны туралы ескерткенін мысал етуге болады. Сондықтан, Брюссель "қауымдасқан үштік" елдерімен тең дәрежеде диалог жүргізбейтіні аңғарылады.
Брюссельдің Орталық және Шығыс Еуропа елдеріне Еуроодаққа кірер алдында қойған басты талаптарының бірі – олардың біртұтас еуропалық нарықтағы бәсекелестік ортаға толық сәйкес келуі үшін өз экономикаларының нарықтық реформаларын жүргізу болды.
Бұрын "Шығыс блоктың" құрамында болған елдер Батыс Еуропамен тең дәрежеде бәсекеге түсе алмады. Батыстық нұсқаулықтар бойынша олардың өз экономикасын социалистік сипаттан нарықтық бағытқа көшіру бағаны ырықтандыру, жекешелендіру және басқа да көптеген ауыр салдарға әкеліп, олардың меншікті өндірісінің бұзылуына ықпал етті. Яғни, Еуроодақ талаптарына сәйкестендіру мақсатында жүргізілген мұндай реформалардың салдарынан көптеген сала батыс елдерімен бәсеккелестікке төтеп бере алмады.
Мысалы, Еуроодаққа кірер алдында Венгрияда Еуропадағы ең ірі автобус өндірушілерінің бірі "Икарус" тоқырады, ал ауыл шаруашылығы шамамен екі есеге қысқарды. Есесіне қазір Венгрияда Mercedes пен Volvo автобустарын жиі көруге болады, ал бір кездері азық-түлікке деген қажеттілігін 130% қамтамасыз еткен елдің дүкен сөрелерінде ЕО-ның ірі елдерінен жеткізілген ет, көкөніс, сүт өнімдері және басқа да азық-түлік көбейген.
Ресей ғылым академиясының Экономика институты зерттеушілерінің пікірінше, Венгрияның ЕО-ға кіруі венгриялық кәсіпорындардың оннан бір бөлігіне ғана тиімді әсер етті – олар Одақтың ортақ нарығының мүмкіндіктерін пайдалана алды. Қалған 9/10 кәсіпорын дағдарысты бастан өткерді. Венгрияның ЖІӨ-дегі шетелдік компаниялардың үлесі 2016 жылдан бері 50%-дан асты, ал жекелеген салалар толығымен дерлік шетелдіктердің меншігінде тұр.
Польшада, басқалармен қатар, Гданьск кеме жасау кәсіпорны, металлургиялық кешеннің кәсіпорындары және көмір өнеркәсібі құлдырады. Бұрын социалистік аумақты түгел дерлік ауыл шаруашылығы өнімдерімен қамтамасыз еткен Болгарияда қазір жеміс пен көкөністің 90%-ке жуығы импортталып, отандық өндіріс толығымен дерлік жойылды. Еуропадағы ең ірі балық аулау флоттарының бірі (500-ге жуық кеме) КСРО-дан мұраға қалған Литва ЕО-ға кірген кезде балық аулауға квота алып, бірақ флот түгел дерлік жарамсыз деп танылды. Латвия мен Эстонияда да оындай жағдай болды. Еуропалық қорлардан төленген балық аулауға қойылған шектеулер үшін өтемақы саланы сақтап қала алмады.
Бірнеше Орталық және Шығыс Еуропа елі Брюссельдің КСРО салған атом электр станцияларын жабу қажеттілігі туралы талабына тап болды. Игналина АЭС-тің арқасында электр энергиясына деген қажеттіліктерін қанағаттандырып қана қоймай, оны көршілес мемлекеттерге экспорттаған Литва Еуроодақтың талабы бойынша станцияны қолданыстан шығарды. Осылайша бұл республика электр энергиясын экспорттаушы елден импорттаушыға айналды.
Бір кездері Балқандағы ең ірі электр қуатын экспорттаушы және электр энергиясымен Албания, Грекия, Македония, Румыния, Сербия және Түркияны жабдықтаған Болгария ЕО-ның талабы бойынша Козлодуй АЭС-тегі 6 энергоблоктың 4-ін істен шығарды. Словакия да дәл осындай талап бойынша Ясловск-Богуницадағы V-1 АЭС-ті жабуға мәжбүр болды.
Осылайша Литва, Болгария және Словакия Еуропалық Одақ талаптарының салдарынан тәуелсіз экономикалық дамудың елеулі мүмкіндіктерінен айырылып, Брюссельге одан сайын тәуелді болды. ЕО осы елдерге атом электр станцияларының жабылуы берген өтемақы саланы эәне экономиканы дамытуға еш септігін тигезбеді. Осы тектес жағдай Орталық және Шығыс Еуропа елдеріндегі барлық салада байқалады.
Бұрын Шығыс блокта болған, қазір Еуропалық Одақтың бір бөлігі болып табылатын елдер бұл бірлестікке кіру арқылы көптеген жеңілдікке ие болды. Олардың ішінде қозғалыс еркіндігі, Батыс Еуропаның еңбек нарығына шығу, шетелде білім алу мүмкіндігі, жаңа сауда-қаржылық ағындардың қалыптасуы және тағы басқасы бар. Бірақ мұның барлығы экономикасы әлсіз ел интеграциялық құрамдас бөлігі бар бірлестікке кіргенде, дәл осы мемлекеттің Одақтың қуатты мүшелеріне қатты тәуелді болуымен орындалатынын ескеру керек.
Еуроодаққа мүше болған бұрынғы социалистік блоктағы кез келген мемлекеттің экономикасы дамып, халқының әл-ауқаты артқаны туралы жиі айтылады. Бірақ ЖІӨ өсімі, ашық нарығы және ЕО-ға қосылудың басқа да тиімді тұстары бар бұрынғы социалистік блок мемлекеттері өздерінің бюджет тапшылығы мәселелерін шеше алмай отыр. Сондықтан бюджет шығыны кірістен көп болған мұндай мәселелер ЕО құрылымдық қорларының субсидияларымен, Брюссельден дотация алу арқылы шешіліп жатыр.
"Орталық Азия елдеріне қаржылық қолдау көлемін ескере отырып, бұл мемлекеттердің экономикасы енді тәуелсіз дамуға қабілетсіз және дотацияны қысқартуға дайын емес деп сеніммен айтуға болады. Өйткені бұл халықтың өмір сүру деңгейіне бірден және қатты әсер етеді", - дейді мақала авторы.
Осының барлығымен бұл субсидиялардың барлығы донор деп аталатын елдердің - ЕО бай мемлекеттерінің иығына түседі. Олар Еуропалық Одақтың жалпы бюджетіне одан алғандарынан әлдеқайда көп түсіреді
Әлеуметтік-экономикалық зерттеулер институтының директоры, экономика ғылымдарының докторы Алексей Зубец Еуропалық Одақта еңбек бөлінісі жүйесі бар екенін айтты. "Еуроодаққа мүше 27 елдің ішінде 5-7 мемлекет өнеркәсіптік ел болып саналады. Қалғандары арзан адам ресурстары мен шикізатты жеткізушілер болып қарастырылады".
Расында да, бұрынғы социалистік блок елдері озық ЕО елдері үшін еңбек күшінің донорына айналды. Себебі көптеген Орталық және Шығыс Еуропа елінің халқы тұрақты азайып, құнды кадрлар мен студенттер Батысқа жұмыс істеуге және оқуға жаппай кетіп жатыр.
Еуроодақтың бюджет және адам ресурстары жөніндегі бұрынғы комиссары Гюнтер Эттингер бай елдер кедей елдерге қарағанда ортақ нарықтан көбірек пайда көретінін, өйткені олар ортақ бюджетке аударылған ақшаға олар "Германия мен Голландиядан жабдықтар мен өнеркәсіп өнімдерін сатып алатыны" туралы бұған дейін де айтқан. Бұлай жасамасқа басқа амал жоқ. Себебі олардың өз өндірісі ЕО ішіндегі бәсекеге төтеп бере алмай, отандық фирмалар не жоғалып кетті, не метрополийден келген "бәсекелестеріне" сатылды.
"Орталық және Шығыс Еурлпа елдеріне дотация берілмесе, онда экономикалық дағдарыс басталып, халықтың әл-ауқаты, күнкөріс деңгейі төмендейді. Бұл өз кезегінде Германия, Франция секілді табысты жұмыс орындары бар елге қарай халықтың жаппай қоныс аударуына әкеледі. Сонымен қатар қазір қамқорлықта тұрған мемлекеттерге қаражат бөлуді доғару керектігі жиі айтылып жүр. Себебі, жауапты тұлғалар бірнеше жыл қатарынан бұл елдерге өз экономикасын аяққа тұрғызуға қажетті қаражат бөлінгенін алға тартады. Донор-елдердің ресурстары шектеусіз емес екені белгілі", - дейді Алексей Зубец.
Қорытындылай келгенде, экономикасы әлсіз елдер Еуроодақ сияқты интеграциялық бірлестіктерге кіре отырып, экономикасы күшті елдерге қатты тәуелді болады. "Әлсіз" елдердің арзан жұмыс күші "күшті" елдерде жақсы өмір сүруге/жұмыс істеуге/оқуға/ ұмтылады. Өйткені "әлсіз" елдерде бәсекеге төтеп бере алмағандықтан өндіріс жабылып, ресурстардың барлығы "күшті" мемлекеттерге ығысады.
"Әлсіз" елдер өз тіршілігін жалғастыруы үшін оларға ақша салымдары мен осындай қаржылық қолдау қажет. Осылайша "әлсіздер" дәл осы интеграциялық блокта қаржыны қайта бөлудің әртүрлі бағдарламаларына қатты тәуелді болады.
"Егер Грузия, Молдова немесе Украина Еуроодаққа қосылса, олардың барлығын Орталық және Шығыс Еуропа елдерінің тағдыры күтіп тұр", - дейді Алексей Зубец. - Бір жағынан, бұл олардың экономикасын қандай да бір жолмен қолдауға арналған қаржылық көмек болса, екінші жағынан сол өнеркәсіптік елдердің қосымшаға айналдыру".
Сарапшы "қауымдастық үштік" елдердің Еуроодаққа кіруі екіталай, себебі оларды одақта ешкім күтіп отырған жоқ деп санайды. "Бірақ бұл орындалған күннің өзінде, ол мемлекеттер тек арзан жұмыс күші ретінде ғана кіре алады, - дейді Алексей Зубец. - Грузия, Молдова және Украина ЕО-ға кіргеннен кейін бұл елдердің азаматтары ЕО-да толыққанды жұмыс істеу құқығына ие болады. Яғни, бұл Франциядағы жүзімдіктердегі немесе Испаниядағы жылыжайлардағы ауыр жұмыстарға баратын арзан жұмыс күші болады".
Еуропалық Одаққа кіруге ұмтылатын посткеңестік мемлекеттердің жиі негізге алатын поляк мысалына қайта оралсақ, ол да мінсіз емес деп айта аламыз.
2023 жылдың ақпанында Еуропалық комиссия Варшаваға қарсы сот талапарызы өндіріске енгізілгені туралы хабарлады. Оған Польша конституциясының еуропалық құқықтан үстемдігі туралы Польша Конституциялық сотының шешімі себеп болды.
Сарапшылардың пікірінше, бұл оқиға Варшаваға қарсы қаржылық санкцияларға әкелуі мүмкін. Ал Польша қазірдің өзінде ЕО Сотының Польшадағы судьялардың жұмыс уақыты туралы шешімін орындамағаны үшін күн сайын 1 миллион еуро айыппұл төлеуге міндетті. 2021 жылдың қарашасынан бастап айыппұлдардың жалпы сомасы қазірдің өзінде 450 миллион еуродан асты және оның бір бөлігі еуропалық қорлардан Варшаваға берілетін дотациялардан ұсталады.
Жақында ғана Брюссель "ел демократиялық реформаларға оралғанға дейін және сот жүйесінің тәуелсіздігі, академиялық бостандықтар мен ЛГБТ құқықтарымен байланысты шарттарды орындағанға дейін" Венгрияға ЕО бірігу қорларынан 22 миллиард еуро төлеуді уақытша бұғаттады. Сондықтан ЕО-дағы Шығысты қолдау саясатының қысқаруы бұрынғы социалистік блоктың басқа елдері үшін әлдеқайда ауыр салдар әкелуі мүмкін.