Астаналық оқушыларға автобуста тегін жүру карталарын беру уақытша тоқтайды

© Sputnik / Медина КураковаАвтобус
Автобус - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 сәуір - Sputnik. Бүгіннен бастап жеңілдік алу санатындағы азаматтар мен мектеп оқушыларына берілетін автобус карталарын шығару уақытша тоқтатылады.
"Көлік карталарын жеткізетін ұйымда туындаған логистикалық қиындықтарға байланысты 27 сәуірден атаулы (жеңілдікті және мектеп) көлік карталарын шығару және қайталап беру уақытша тоқтатылады. Орталық кассада (Р. Қошқарбаев даңғылы, 50/1 мекенжайы бойынша) азаматтардың жеңілдігі бар және мектеп оқушылары үшін көлік карталарын бастапқы шығаруға және қайталап алуға құжаттар ғана қабылданады. Жол ақысын төлеудің электрондық жүйесінде пайдалануға арналған көлік карталары жеткізілгеннен кейін карталар шығарылып, өтініш берушілердің мекенжайларына тегін жеткізіледі", - делінген компанияның әлеуметтік желідегі парақшасында жарияланған хабарламада.
Мәлім болғандай, жеңілдікті немесе мектеп көлігі картасын алғанға дейін пайдаланушыларға талон беріледі. Оны автобустарда пайдалануға және көліктік бақылау қызметкерлері тексерген кезде көрсетуге болады. Компаниядан хабарлағандай, карталардың қашан жеткізілетіні әзірге белгісіз.
Жаңалықтар
0