Ақтауда құбыр жарылып, су далаға ағып жатыр

© Sputnik/Ертай СарбасовАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Ақтаудың 14-ші ықшам ауданында су құбыры жарылды, деп хабарлады қалалық әкімдіктің баспасөз қызметі.
Далаға көл-көсір болып ағып жатқан судың бейнежазбасын тұрғындар әлеуметтік желіге салған.
"14-ші ықшам ауданда су құбыры жарылған. "Каспий жылу, су арнасы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнында бұл ақпаратты растады. Айтуларынша, техникалық су құбыры жарылған", - дейді ведомство.
Апат салдарынан 31 үйде техникалық суды беру тоқтатылды.
Жаңалықтар
0