Алматы облысында текше метрі 78 тиын тұратын су шаруаларға 28 мың теңгеден сатылған

© Pixabay / Jack SellaireВода
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 27 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданының шаруалары суармалы суға қатысты шағым айтты. Шаруалардың шағымы тексерілді, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі.
Алматы облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті өңірдің ирригациялық желілерінің қызметіне сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізді.

"2015 жылдан бастап өңірде 24 ауыл шаруашылығы кооперативі жұмыс істеген, олар суды Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналынан 1 текше су үшін 78 тиыннан алып, ал шаруаларға бір гектар жер үшін 20 000 – 28 000 теңгеден берген, осылайша монополист рөлін атқарған. Шаруа қожалығы меншік иесінің айтуынша, бір маусымда ол 60 гектар жерді суару үшін 1 млн теңгеден астам ақша төлеген", - дейді ведомство.

Салдарынан ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің құқықтары бұзылған. Қазіргі күні антикордың ұсынысымен облыс әкімдігі "Алматы облыстық Су шаруашылығы" коммуналдық кәсіпорны деп аталатын су шаруашылығының бірыңғай операторын құрып, оның балансына барлық суару желілерін өткізді.
Нәтижесінде, биыл 30 000-ға жуық шаруа және фермер қожалықтары суды қолайлы бағамен алатын болды.
Жаңалықтар
0