12 жастағы қазақ қызы шетелде қазылар алқасын таңғалдырды – видео

© Photo : Скриншот видео12-летняя казахстанка поразила жюри в шоу "Голос.Дети" в Испании
12-летняя казахстанка поразила жюри в шоу Голос.Дети в Испании - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 27 сәуір – Sputnik. 12 жастағы Жәнел Әли Испаниядағы La Voz Kids ("Балалар дауысы") байқауында қазылар алқасын таңғалдырды. Іріктеу кезеңінде төрт әншінің үшеуі бұрылды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Жәнел Әли Кристина Агилераның Hurt әнін орындап берді. Биылғы маусымда Айтана (Aitana), Роcарио Флорес (Rosario Flores), Себастьян Ятра (Sebastián Yatra) мен Дэвид Бисбал (David Bisbal) тәлімгер ретінде қатысып жатыр.
Жәнелге үш тәлімгер бұрылған. Ол танымал актриса Росарио Флоресті таңдады.
Айта кетері, бірінші кезеңде қазылар алқасы қатысушыларды танымайды. Тәлімгерлерге ән салып тұрған баланың дауысы ұнаса, батырманы басып бұрылады.
Жаңалықтар
0