https://sputnik.kz/20230426/uqk-qarsy-shabuylynyn-ush-stsenariyi-azirlendi-34396946.html
УҚК қарсы шабуылының үш сценарийі әзірленді
УҚК қарсы шабуылының үш сценарийі әзірленді
Sputnik Қазақстан
Украин армиясының қарсы шабуылын күзден қысқа, содан кейін көктемнен жазға маусымдық шегеруі әдетке айналып барады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T22:48+0500
2023-04-26T22:48+0500
2023-04-28T16:49+0500
украина
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e6/02/15/22956015_0:0:3179:1788_1920x0_80_0_0_8984e45febc54190de8a56da52e7dcca.jpg
Украин армиясының қарсы шабуылын күзден қысқа, содан кейін көктемнен жазға маусымдық шегеруі әдетке айналып барады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.Киев режимін қолдайтын елуге жуық елдің Германиядағы Рамштайн әуе базасындағы отырысы Украина Қарулы күштерінің жауынгерлік қуатын арттырмады. АҚШ Конгресінің шекараны 1991 жылғы жағдайға қайтару мақсатында Украинаны толық жеңіске жеткенше қолдау шаралары және Батыстың бүкіл антиресейлік іс-әрекеті Артемовскте украин әскерінің стратегиялық жеңісіне ұласып жатыр.Вашингтон мен Киевтегілер ұрыс даласында Ресейді жеңу және Украина Қарулы күштерінің қосымша ілгерілеу әрекеттерінің түрлі нұсқаларын талқылап жатқан кезде ресейлік әскер Артемовскті азат етуді аяқтап жатыр. Мұнда украин армиясы 60 мыңнан астам жауынгерінен айырылды. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері батыс аймақта, яғни қала аумағының 10 процентінен аз жерде тойтарыс беруге тырысып жатыр."Ресейлік шабуылдау жасақтары тәулігіне екі-үш орамнан тазартып жатыр. Бахмут бекінісінің жауынгерлері артиллерия және авиация соққыларымен жойылып жатыр. Артемовскке апаратын жолдың барлығын, Часов Ярды қоса алғанда Ресей әскері бұғаттап тастаған. Украин әскери бөлімшелеріне қолдау көрсету, оқ-дәрі жеткізу немесе қоршаудан батысқа қарй шығу мүмкін емес. Сондықтан Украина Қарулы күштерінің жауынгерлері бейбіт тұрғын ретінде Артемовсктен кетуге талпынып жатыр", - деп жазды Хроленко.Адам шығынының ауқымды болғаны сонша, Украинаның Бас штабы Артемовск, Авдеевка және Угледардың қорғаныс тактикасын шұғыл түрде түзетуге тырысып жатыр. Бірақ бұл аймақта Ресейдің жоспарлаушы бомбалары Украина Қарулы күштерінің позициялары мен нысандарын қиратып жатыр.Украина әскерінің Бас штабы барлау квадрокоптерлерін пайдалануға баса назар аударып жатыр. Биіктіктен бақылау қоршауда қалған әскерге қарсы шабуыл жасауға қаншалықты көмектесетіні белгісіз. Себебі ресейлік радиоэлектронды қарсы күрес жүйелері украиналық пилотсыз ұшу аппараттарын істен шығарып жатыр.Украиналық қолбасшылық шабуыл операцияларын жүргізу үшін күштер мен құралдардың жеткіліксіз екенін түсінеді. Адам күші мен техникадағы басымдықтың жоқтығы, артиллериялық снарядтардың, әуеден қолдау жүргізу және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі Украина Қарулы күштерінің кез келген қарсы шабуылы жаппай адам шығынына айналады.Хроленконың пікірінше, Украина Қарулы күштерінде басқа жол жоқ. Себебі Вашингтон Киевтен әскери жеңіске жетуді немесе жеңілгенін жария мойындауды талап етеді. Қалай болғанда да Киев өткен жылғыдай көлемде қаржы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алмайтыны белгілі болды. Өйткені Батыстың арсеналдары таусылды, ал АҚШ пен НАТО әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары Украина қажетті көлемде оқ-дәрі шығаруға үлгермейді.Батыста украиналық әскери іс-қимылдың үш негізгі сценарийі қарастырылып жатыр. Киевтегі ақпарат көздері Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы мамырдың бірінші жартысында басталады деп болжап отыр. Бұл үшін 12 жаңа механикаландырылған бригада (барлығы 50 мыңға жуық әскери қызметші) дайындалды және ішінара батыстың броньдалған техникасымен қаруландырылды. Пентагон бірнеше жүздеген еуропалық танк пен америкалық броньдалған тасымалдаушы Украина үшін Ресейді кері шегіндіретін үлкен күш болады деп үміттенеді. АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі және НАТО-дағы жоғары лауазымды шенеунік Александр Вершбоу "барлығы осы қарсы шабуылға байланысты болады" деп мәлімдеді.Ақ үй Украинаның майдан даласындағы ілгерілеуі сәтсіз болады деп қорқады. АҚШ-тың еуропалық одақтастары Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтті болатынына сенбейді. Майдан шебінің тұрақсыздығын тіпті Украина президенті Владимир Зеленский де мойындап отыр."Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Украина Қарулы күштері Артемовскті ресейлік күштер толық азат еткеннен кейін бірден белсенділігі артады деп санайды. Украин әскері Артемовсктің оңтүстігі мен солтүстігіне соққы беру мақсатында Славянско-Краматорск агломерациясының ауданында шоғырланып жатыр. Бірақ арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік әскер сандық және сапалық жағынан басымдыққа ие. Олар Авдеевка, Северск, Сватово, Кременная, Марьинка, Угледар, Константиновка және Дружковка аудандарында қарсы тараптың адам күшін, нысандары мен бекініс аймақтарын, арсеналдары мен қоймаларын тиімді түрде жойып жатыр. 21 сәуірде "Искандер" күшімен "Грузин легионының" 60-қа жуық жауынгері жойылды. Батыс Ресейдің дәл басқарылатын зымырандық соққыларымен "қамтамасыз етілген" Украина Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық базасының нашарлауына алаңдап отыр.Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
украина
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/02/15/22956015_448:0:3179:2048_1920x0_80_0_0_d83f0ab5b41800b70ba31dac9959045a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
украина
Украин армиясының қарсы шабуылын күзден қысқа, содан кейін көктемнен жазға маусымдық шегеруі әдетке айналып барады, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
Киев режимін қолдайтын елуге жуық елдің Германиядағы Рамштайн әуе базасындағы отырысы Украина Қарулы күштерінің жауынгерлік қуатын арттырмады. АҚШ Конгресінің шекараны 1991 жылғы жағдайға қайтару мақсатында Украинаны толық жеңіске жеткенше қолдау шаралары және Батыстың бүкіл антиресейлік іс-әрекеті Артемовскте украин әскерінің стратегиялық жеңісіне ұласып жатыр.
Вашингтон мен Киевтегілер ұрыс даласында Ресейді жеңу және Украина Қарулы күштерінің қосымша ілгерілеу әрекеттерінің түрлі нұсқаларын талқылап жатқан кезде ресейлік әскер Артемовскті азат етуді аяқтап жатыр. Мұнда украин армиясы 60 мыңнан астам жауынгерінен айырылды. Украина Қарулы күштерінің бөлімшелері батыс аймақта, яғни қала аумағының 10 процентінен аз жерде тойтарыс беруге тырысып жатыр.
"Ресейлік шабуылдау жасақтары тәулігіне екі-үш орамнан тазартып жатыр. Бахмут бекінісінің жауынгерлері артиллерия және авиация соққыларымен жойылып жатыр. Артемовскке апаратын жолдың барлығын, Часов Ярды қоса алғанда Ресей әскері бұғаттап тастаған. Украин әскери бөлімшелеріне қолдау көрсету, оқ-дәрі жеткізу немесе қоршаудан батысқа қарй шығу мүмкін емес. Сондықтан Украина Қарулы күштерінің жауынгерлері бейбіт тұрғын ретінде Артемовсктен кетуге талпынып жатыр", - деп жазды Хроленко.
Адам шығынының ауқымды болғаны сонша, Украинаның Бас штабы Артемовск, Авдеевка және Угледардың қорғаныс тактикасын шұғыл түрде түзетуге тырысып жатыр. Бірақ бұл аймақта Ресейдің жоспарлаушы бомбалары Украина Қарулы күштерінің позициялары мен нысандарын қиратып жатыр.
Украина әскерінің Бас штабы барлау квадрокоптерлерін пайдалануға баса назар аударып жатыр. Биіктіктен бақылау қоршауда қалған әскерге қарсы шабуыл жасауға қаншалықты көмектесетіні белгісіз. Себебі ресейлік радиоэлектронды қарсы күрес жүйелері украиналық пилотсыз ұшу аппараттарын істен шығарып жатыр.
Украиналық қолбасшылық шабуыл операцияларын жүргізу үшін күштер мен құралдардың жеткіліксіз екенін түсінеді. Адам күші мен техникадағы басымдықтың жоқтығы, артиллериялық снарядтардың, әуеден қолдау жүргізу және әуе шабуылына қарсы қорғаныс құралдарының жетіспеушілігі Украина Қарулы күштерінің кез келген қарсы шабуылы жаппай адам шығынына айналады.
Хроленконың пікірінше, Украина Қарулы күштерінде басқа жол жоқ. Себебі Вашингтон Киевтен әскери жеңіске жетуді немесе жеңілгенін жария мойындауды талап етеді. Қалай болғанда да Киев өткен жылғыдай көлемде қаржы, қару-жарақ пен оқ-дәрілерді алмайтыны белгілі болды. Өйткені Батыстың арсеналдары таусылды, ал АҚШ пен НАТО әскери-өнеркәсіп кешенінің кәсіпорындары Украина қажетті көлемде оқ-дәрі шығаруға үлгермейді.
Батыста украиналық әскери іс-қимылдың үш негізгі сценарийі қарастырылып жатыр. Киевтегі ақпарат көздері Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы мамырдың бірінші жартысында басталады деп болжап отыр. Бұл үшін 12 жаңа механикаландырылған бригада (барлығы 50 мыңға жуық әскери қызметші) дайындалды және ішінара батыстың броньдалған техникасымен қаруландырылды. Пентагон бірнеше жүздеген еуропалық танк пен америкалық броньдалған тасымалдаушы Украина үшін Ресейді кері шегіндіретін үлкен күш болады деп үміттенеді. АҚШ-тың Ресейдегі бұрынғы елшісі және НАТО-дағы жоғары лауазымды шенеунік Александр Вершбоу "барлығы осы қарсы шабуылға байланысты болады" деп мәлімдеді.
Ақ үй Украинаның майдан даласындағы ілгерілеуі сәтсіз болады деп қорқады. АҚШ-тың еуропалық одақтастары Украина Қарулы күштерінің қарсы шабуылы сәтті болатынына сенбейді. Майдан шебінің тұрақсыздығын тіпті Украина президенті Владимир Зеленский де мойындап отыр.
"Вагнер" жеке меншік әскери компаниясының негізін қалаушы Евгений Пригожин Украина Қарулы күштері Артемовскті ресейлік күштер толық азат еткеннен кейін бірден белсенділігі артады деп санайды. Украин әскері Артемовсктің оңтүстігі мен солтүстігіне соққы беру мақсатында Славянско-Краматорск агломерациясының ауданында шоғырланып жатыр. Бірақ арнайы әскери операция аймағындағы ресейлік әскер сандық және сапалық жағынан басымдыққа ие. Олар Авдеевка, Северск, Сватово, Кременная, Марьинка, Угледар, Константиновка және Дружковка аудандарында қарсы тараптың адам күшін, нысандары мен бекініс аймақтарын, арсеналдары мен қоймаларын тиімді түрде жойып жатыр. 21 сәуірде "Искандер" күшімен "Грузин легионының" 60-қа жуық жауынгері жойылды. Батыс Ресейдің дәл басқарылатын зымырандық соққыларымен "қамтамасыз етілген" Украина Қарулы Күштерінің материалдық-техникалық базасының нашарлауына алаңдап отыр.
Әскери шолушы Александр Хроленконың
Telegram арнасы.