https://sputnik.kz/20230426/salamatty-qazaqstan-poyyzy-zholga-shyqty-75-myn-auyl-turgyny-tekeruden-ote-alady-34323426.html
"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шықты: 75 мың ауыл тұрғыны тексеруден өте алады
"Саламатты Қазақстан" пойызы жолға шықты: 75 мың ауыл тұрғыны тексеруден өте алады
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы-2 станциясынан "Саламатты Қазақстан" пойызы салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы ҰҚ баспасөз... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T17:27+0500
2023-04-26T17:27+0500
2023-04-26T17:54+0500
пойыз
медицина
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0c/27498758_0:0:3075:1730_1920x0_80_0_0_9e35ee23257278e810ce9000aefb64c4.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы-2 станциясынан "Саламатты Қазақстан" пойызы салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы ҰҚ баспасөз қызметі. Пойыз 6 желтоқсанға дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтитын болады."Медициналық пойыз" жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Биыл дәрігерлер қатарына медиатор мен заңгер мамандары қосылды. Осылайша 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алады деп күтілуде.Медициналық бригадалар диагностикалық процедуралар ғана емес, сондай-ақ шағын амбулаториялық оталар жасайтын 35 маманнан тұрады, оның ішінде терапевт, хирург, жалпы тәжірибе дәрігері, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, акушер, зертханашы, мейірбике, рентгенолог, сәулелік диагностика дәрігері, тіс дәрігері, отоларинголог, психолог, окулист, гинеколог және уролог бар. Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасы бойынша алғаш рет, пойыз жұмысына, азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылуда. Бұдан басқа, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу құқығын қорғау, зейнетақы-жәрдемақы, әлеуметтік төлем және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша тегін кеңес берілетін болады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/09/0c/27498758_172:0:2903:2048_1920x0_80_0_0_6b81f07d783143d26747a5cefab971e9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
пойыз, медицина
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алматы-2 станциясынан "Саламатты Қазақстан" пойызы салтанатты түрде жолға шықты, деп хабарлайды Қазақстан теміржолы ҰҚ баспасөз қызметі.
Пойыз 6 желтоқсанға дейін бүкіл Қазақстан бойынша 120-дан астам станцияны қамтитын болады.
"Медициналық пойыз" жобасы аясында еліміздің шалғай аудандарының тұрғындарына тегін медициналық көмек көрсетіледі. Биыл дәрігерлер қатарына медиатор мен заңгер мамандары қосылды. Осылайша 75 мыңға жуық ауыл тұрғыны емдік-кеңес беру қызметін алады деп күтілуде.
Медициналық бригадалар диагностикалық процедуралар ғана емес, сондай-ақ шағын амбулаториялық оталар жасайтын 35 маманнан тұрады, оның ішінде терапевт, хирург, жалпы тәжірибе дәрігері, невропатолог, ультрадыбыстық диагностика дәрігері, акушер, зертханашы, мейірбике, рентгенолог, сәулелік диагностика дәрігері, тіс дәрігері, отоларинголог, психолог, окулист, гинеколог және уролог бар.
Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның бастамасы бойынша алғаш рет, пойыз жұмысына, азаматтарға тиімді психологиялық, құқықтық әрі медиативтік (татуластыру) көмек көрсететін кәсіби және тәжірибелі медиаторлар мен заңгерлер тартылуда.
Бұдан басқа, азаматтардың мемлекеттік әлеуметтік қолдау алу құқығын қорғау, зейнетақы-жәрдемақы, әлеуметтік төлем және атаулы әлеуметтік көмек алу мәселелері бойынша тегін кеңес берілетін болады.