https://sputnik.kz/20230426/qyzylorda-turgyny-20-myn-tengeni-printermen-basyp-shygargan-34304824.html
Қызылорда тұрғыны 20 мың теңгені принтермен басып шығарған
Қызылорда тұрғыны 20 мың теңгені принтермен басып шығарған
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғыны жалған ақшамен ұсталды. Ол 20 000 теңгелік қағаз ақшаны принтермен басып шығарған, деп хабарлайды... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T21:50+0500
2023-04-26T21:50+0500
2023-04-26T21:50+0500
жалған ақша
қызылорда
https://sputnik.kz/img/old/1135/98/11359833_86:0:1745:933_1920x0_80_0_0_f9a12b921bd1e16b3283ddb3076ac4da.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғыны жалған ақшамен ұсталды. Ол 20 000 теңгелік қағаз ақшаны принтермен басып шығарған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.Тергеу материалына сәйкес, 28 жастағы ер адам жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенде тауар ақысын жалған ақшамен төлеген. Ал қайтарымына түпнұсқа банкноттар алған."Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтіні және принтерде басып шығарылғаны анықталды", - делінген ресми хабарламада.Қазіргі кезде қала тұрғыны жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен жауапқа тартылып отыр. Ол өз кінәсін толық мойындады. Барлық материал сотқа жолданды.Айта кетері, Қылмыстық кодекс бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20230417/shymkent-alayaqtar-sall-ortalyq-video-33989507.html
қызылорда
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/1135/98/11359833_294:0:1538:933_1920x0_80_0_0_cb034e1bd792241285c317e253773340.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалған ақша, қызылорда
Қызылорда тұрғыны 20 мың теңгені принтермен басып шығарған
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Қызылорда қаласының тұрғыны жалған ақшамен ұсталды. Ол 20 000 теңгелік қағаз ақшаны принтермен басып шығарған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан қаржылық мониторинг агенттігіне сілтеме жасап.
Тергеу материалына сәйкес, 28 жастағы ер адам жанар-жағармай құю бекеті мен автобөлшектер сататын дүкенде тауар ақысын жалған ақшамен төлеген. Ал қайтарымына түпнұсқа банкноттар алған.
"Криминалист мамандардың зерттеуі барысында өткізілген банкноттардың Ұлттық банктің ақша белгісіне сәйкес келмейтіні және принтерде басып шығарылғаны анықталды", - делінген ресми хабарламада.
Қазіргі кезде қала тұрғыны жалған банкноттарды сақтау және бірнеше рет өткізу фактісімен жауапқа тартылып отыр. Ол өз кінәсін толық мойындады. Барлық материал сотқа жолданды.
Айта кетері, Қылмыстық кодекс бойынша мұндай қылмыс үшін 5 жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.