Министрлік харассменттен қорғау саясатын бекітті
© Sputnik / Абзал КалиевЗаседание мажилиса парламента Казахстана
© Sputnik / Абзал Калиев
Жазылу
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі харассменттен қорғау саясатын бекітті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан министрліктің ресми сайтына сілтеме жасап.
Құжатқа сәйкес, харассмент басқа адамға қолайсыздық тудыратын немесе тіпті зиян келтіретін, оның жеке өміріне қолсұғылмаушылықты бұзатын адамның мінез-құлқы болып саналады. Оны бекітудің мақсаты - министрліктің барлық қызметкерлері арасында харассментке қатысты төзбеушілік саясатын тарату, сондай-ақ харассменттің алдын алу, ден қою және оған төзбеушілік жағдайын жасау.
Министрлік қызметкерлері арасында және үшінші тұлғаларға қатысты харассмент жасауына, харассменттің әсерінен ақша қаражатын, жұмысқа орналасу мүмкіндігін, тауарлар мен қызметтерді ұсынуға тыйым салынады. Тыйым салынған әрекеттер:
физикалық: адам үшін жағымсыз немесе қалаусыз әрекеттер мен ұсыныстар, оның ішінде дененің кез келген бөлігін сүйкеп өту немесе кез келген физикалық байланыс;
вербалды: қалаусыз өтініштер мен талаптар, анық немесе жасырын түрде қызметтегі артықшылықтар немесе негативті салдарлар уәде етілуі мүмкін. Қорлау сипаттағы ауызша қорлау немесе әзілдер, ұлты мен гендерлік ерекшеліктеріне, нәсілдік тиістілігіне, сымбаты немесе сыртқы келбеті туралы жағымсыз сөздерге, әдепсіз анекдоттарға, пасық сөздерге, ымишараларға немесе әрекеттерге, соның ішінде хаттарға, электрондық хаттарға, хабарламаларға, эмоджиге, мемдерге, суреттерге, посттарды қайта жіберуге, әңгімелер мен твиттерге;
вербалды емес: екіұшты сыңаймен қарауға, қорлайтын немесе әдепсіз дыбыстарға, ысқыруға, әдепсіз қол қимылдарға;
психологиялық зорлық-зомбылық: қызметшілер үшін жағымсыз немесе қалаусыз әңгімелерге, ұсыныстарға, өтініштерге, талаптарға, физикалық байланыстар немесе көңіл бөлуге, қорлау немесе басқа да жарамсыз мазмұн арқылы үрейлендіруге, өшпенділікке, төзгісіз немесе қорлайтын жұмыс ортасын жасауға;
кез келген жазбаша немесе графикалық материалдарды, соның ішінде күнтізбелерді, жынысына байланысты жеке адамға немесе адамдар тобына өшпенділік көрсететін плакаттарға, сондай-ақ қорлайтын кескіндерді, аудио және бейнематериалдарды қалаусыз көрсету немесе көпшілікке көрсетуге;
киберкеңістіктегі қолсұғушылық: қалаусыз, қорлайтын электрондық хаттарды немесе ашық мазмұны бар мәтіндік хабарламаларды алу; әлеуметтік желілерде немесе Интернет-чаттарда орынсыз, қорлайтын талаптарға тыйым салынады;
Құжатқа сәйкес, харассмент бойынша арыз түсіруге болады. Оны тәртіптік комиссия қарап, шара қолданады.