https://sputnik.kz/20230426/alayaqtardyn-qazaqstandyqtarga-ilip-ketken-krediti-keshirilui-mumkin-34303454.html
Алаяқтардың қазақстандықтарға іліп кеткен кредиті кешірілуі мүмкін
Алаяқтардың қазақстандықтарға іліп кеткен кредиті кешірілуі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алаяқтардың кесірінен банкке қарыз болып қалған қазақстандықтардың кредиті кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және... 26.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-26T11:52+0500
2023-04-26T11:52+0500
2023-08-10T17:10+0500
кредит
алаяқ
https://sputnik.kz/img/11/56/115611_20:0:982:541_1920x0_80_0_0_74cda7c05af6fbc69de3b20038a8403e.jpg
АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алаяқтардың кесірінен банкке қарыз болып қалған қазақстандықтардың кредиті кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Айтуынша, алаяқтың құрбаны болған азамат полицияға арыздануы керек. Құқық қорғау органдары алаяқтық бойынша тергеу басталды деген құжатты бергеннен кейін, банк міндетті түрде ол несие бойынша сыйақы, айыппұл есептеуді тоқтатады.Сонымен қатар егер салымшы банктің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтамауына байланысты шоттағы ақшасынан айырылса, банк оның ақшасын қайтаруға міндетті болады."Егер банктің ақпараттық қауіпсіздігі немесе ақпараттық жүйелері салымшының шотынан ақша шешуге мүмкіндік берсе, яғни бұл жерде салымшының кінәсі жоқ, біз заңнамалық деңгейде банкті шығынды қайтаруға міндеттеуді жоспарлап отырмыз", - деді Әбілқасымова.Ол аталған заң жобасы мәжіліске маусым айының соңына дейін енгізілетінін атап өтті.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/11/56/115611_140:0:861:541_1920x0_80_0_0_546c044cf28194326c0292fdadb9be3a.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
кредит, алаяқ
Алаяқтардың қазақстандықтарға іліп кеткен кредиті кешірілуі мүмкін
11:52 26.04.2023 (жаңартылды: 17:10 10.08.2023) АСТАНА, 26 сәуір – Sputnik. Алаяқтардың кесірінен банкке қарыз болып қалған қазақстандықтардың кредиті кешірілуі мүмкін. Бұл туралы Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің төрағасы Мәдина Әбілқасымова мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
"Қазіргі таңда екінші деңгейлі банктермен, мемлекеттік органдармен зардап шеккен азаматтарға шығынды қайтару бойынша заңнамалық тетік әзірленіп жатыр. Яғни бұл кредиттің алаяқтық жолмен рәсімделуі немесе қарыз алушының өз қаражатының шоттан алынуы болуы мүмкін. Егер сот шешімі болмаса, қаржы ұйымы шығынды өтемейді", - деді Әбілқасымова мәжіліс кулуарында.
Айтуынша, алаяқтың құрбаны болған азамат полицияға арыздануы керек. Құқық қорғау органдары алаяқтық бойынша тергеу басталды деген құжатты бергеннен кейін, банк міндетті түрде ол несие бойынша сыйақы, айыппұл есептеуді тоқтатады.
Сонымен қатар егер салымшы банктің ақпараттық қауіпсіздік талаптарын сақтамауына байланысты шоттағы ақшасынан айырылса, банк оның ақшасын қайтаруға міндетті болады.
"Егер банктің ақпараттық қауіпсіздігі немесе ақпараттық жүйелері салымшының шотынан ақша шешуге мүмкіндік берсе, яғни бұл жерде салымшының кінәсі жоқ, біз заңнамалық деңгейде банкті шығынды қайтаруға міндеттеуді жоспарлап отырмыз", - деді Әбілқасымова.
Ол аталған заң жобасы мәжіліске маусым айының соңына дейін енгізілетінін атап өтті.