Ұялы телефондардың заңсыз импортынан ел бюджеті 100 млрд теңгеден қағылып отыр

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуСмартфон. Архивтегі фото
Смартфон. Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Қазақстанға 3,7 миллион ұялы телефон "сұр" схемамен жеткізілген. Мемлекетке төленбеген салық мөлшері 100 миллиард теңгені құрайды. Бұл туралы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Үкімет отырысында Мусин елге ұялы телефондарды, соның ішінде қайталанатын IMEI кодтарын әкелудің "сұр" схемасы туралы айтты.
"Сәйкестендіру кодтарының дерекқорына сәйкес қазіргі уақытта еліміздің ұялы компанияларының желісінде қайталанатын IMEI коды бар 3,7 миллион абоненттік құрылғы жұмыс істейді. Бұл ретте салықтар мен алымдар түріндегі мемлекеттің бюджетіне түспей қалған сома шамамен 100 млрд теңгені құрайды", - деді ол.
Айтуынша, қайталанатын IMEI коды құқық қорғау органдарына ұрланған ұялы телефондарды іздеу және оларды бұғаттау бойынша жедел жұмысты тиімді жүргізуге мүмкіндік бермейді.
"Осы мәселелерді қолға алу үшін министрлік "IMEI кодтарының дерекқорын" кеден қызметтерінің жүйелерімен интеграциялауды және абоненттерді тіркеу кезінде биометрияны қолдануды жоспарлап отыр", - деді Мусин.
Айта кетері, қазірдің өзінде ішкі істер министрлігімен бірлесіп, ұрланған телефондардың IMEI кодын тексеруге болады.
Жаңалықтар
0