https://sputnik.kz/20230425/talibtermen-seriktestik-ekonomika-ushin-paydaly--zhumangarin-34277578.html
Тәлібтермен* серіктестік экономика үшін пайдалы – Жұманғарин
Тәлібтермен* серіктестік экономика үшін пайдалы – Жұманғарин
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық... 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T13:46+0500
2023-04-25T13:46+0500
2023-04-25T13:46+0500
экономика
ауғанстан
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33982720_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_22c4d7573082957dc226a29b2ea4cb6a.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың пайдасы туралы айтты.Министрдің айтуынша, Қазақстанның бұл елмен сауда ынтымақтастығының келешегі зор."Біз бидай, ұн, күнбағыс майын жеткізе аламыз. Мұндай мүмкіндіктен не үшін бас тартуымыз керек? Бұл біздің мемлекетімізге пайда әкеледі", - деп жалғастырды ол.Министрдің айтуынша, қазір қазақстандық кәсіпкерлер нарықты зерттеп, ауған кәсіпкерлерімен танысып жатыр."Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көру үшін жергілікті кәсіпкерлермен танысып жатыр. Соңғы жолы біз ол жаққа азық-түлік өнімдерін өндірушілерді ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да апардық. Себебі Ауғанстанның жер қойнауы өте бай ел. Олар өте қызығушылық танытты", - деді Серік Жұманғарин.Сондай-ақ вице-премьердің айтуынша, Қазақстанға ауған кәсіпкерлерін шақырып, бизнес-форум өткізу жоспарланып жатыр.Ол тәлібтердің жерінде Қазақстанның сауда үйін ашылып, өкіл тағайындалғанын айтты.Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанада тәлібтердің* елшілеріне аккредитация беретінін айтқан болатын.*Лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына ұшыраған қозғалыс
https://sputnik.kz/20230417/auganstanga-qazaqstannan-gumanitarlyq-komek-zhetkizildi-33984429.html
ауғанстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/11/33982720_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_62d811cb6f6b607c1051551dc6be2835.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауғанстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин Қазақстан мен Ауғанстан арасындағы сауда-экономикалық ынтымақтастықтың пайдасы туралы айтты.
Министрдің айтуынша, Қазақстанның бұл елмен сауда ынтымақтастығының келешегі зор.
"Біз Ауғанстанмен ынтымақтасып, сауда жасаймыз. Сауда көлемі 1 миллиард долларға жетті. Мысалы, бұл Әзербайжан және Түрікменстан елдерімен жасалған саудадан көп. Сондықтан саясат – саясат, ал экономика – экономика. Біз бұл сауда ынтымақтастықты дамытамыз", - деді Жұманғарин.
"Біз бидай, ұн, күнбағыс майын жеткізе аламыз. Мұндай мүмкіндіктен не үшін бас тартуымыз керек? Бұл біздің мемлекетімізге пайда әкеледі", - деп жалғастырды ол.
Министрдің айтуынша, қазір қазақстандық кәсіпкерлер нарықты зерттеп, ауған кәсіпкерлерімен танысып жатыр.
"Олар Қазақстанды, біздің мүмкіндіктерімізді көру үшін жергілікті кәсіпкерлермен танысып жатыр. Соңғы жолы біз ол жаққа азық-түлік өнімдерін өндірушілерді ғана емес, жер қойнауын пайдаланушыларды да апардық. Себебі Ауғанстанның жер қойнауы өте бай ел. Олар өте қызығушылық танытты", - деді Серік Жұманғарин.
Сондай-ақ вице-премьердің айтуынша, Қазақстанға ауған кәсіпкерлерін шақырып, бизнес-форум өткізу жоспарланып жатыр.
Ол тәлібтердің жерінде Қазақстанның сауда үйін ашылып, өкіл тағайындалғанын айтты.
Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Қазақстан сыртқы істер министрлігі Астанада тәлібтердің* елшілеріне аккредитация беретінін айтқан болатын.
*Лаңкестік әрекеті үшін БҰҰ санкциясына ұшыраған қозғалыс