https://sputnik.kz/20230425/qazaqstan-khalqynyn-birligi-kuni-elordada-70-ke-zhuyq-is-shara-otkiziledi-34275010.html
Қазақстан халқының бірлігі күні: елордада 70-ке жуық іс-шара өткізіледі
Қазақстан халқының бірлігі күні: елордада 70-ке жуық іс-шара өткізіледі
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 70-ке жуық іс-шара өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін... 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T14:00+0500
2023-04-25T14:00+0500
2023-04-25T14:00+0500
астана
мерекелік бағдарлама
https://sputnik.kz/img/1001/70/10017044_0:0:1620:912_1920x0_80_0_0_4ece4faba49bc77cb9f03cc98c8bcc20.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 70-ке жуық іс-шара өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барлық төрт ауданда, ашық алаңдарда мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, интерактивтер ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.26 сәуір күні сағат 11:00-де Байқоңыр ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз" атты мерекелік ақпараттық-тақырыптық кездесу ұйымдастырылады. Ал бір сағаттан кейін осы орталықта Сарыарқа ауданында "1 мамыр – көктем мен еңбек мерекесі" атты концерттік бағдарлама өтеді.27 сәуірде Мұғалімдер аллеясында "Өнерлі қол — бақытқа жол" жобасы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сол күні сағат 11:00-де "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" концерттік бағдарламасын, ал "Қамқор" орталығы – "Бір шаңырақ астында" флешмобын өткізеді.28 сәуірде елордалық Достық үйінде "Мемлекеттік тіл - қазақ тілі еліміздегі тұрып жатқан барлық қазақстандықты біріктіретін күш" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Оған қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады.Елорданың жоғары оқу орындарында бұл күні арнайы тақырыптағы тәрбиелік сағаттар, квиздер өткізіледі.Сонымен қатар 28 сәуірде Esil University-де Қазақстан этностарының салт-дәстүрлеріне арналған конкурс, Е. Серкебаев атындағы №3 балалар музыкалық мектебінде "Менің елім – Қазақстан" концерті ұйымдастырылады.Сәкен Сейфуллин мұражайы 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында "Бақыт жолында" көрмесіне шақырады.29 сәуірде Сарыарқа ауданының 25 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елорда тұрғындары арасында спартакиада өтеді. Жазушылар аллеясында этномәдени бірлестіктердің, мәдениет және білім беру объектілерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.Түрлі іс-шаралар 1 мамырға жоспарланған. Сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Ал Триатлон саябағында этномәдени бірлестіктер мен елшіліктердің өкілдері салтанатты түрде ағаш отырғызады. Мұнда көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.Мәселен, 1 мамыр күні "Бәйтерек" монументі мен қала алаңының жанындағы алаңда сағат 12:00-де мерекелік іс-шаралар басталады. Қонақтарға арнап қала ұйымдарының шығармашылық ұжымдарының, мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Іс-шаралар қаланың аула клубтарында, саябақтарда өткізіледі. Бұл күні елордада субұрқақтар іске қосылады.Бұдан басқа, спорттық-бұқаралық іс-шараларды EXPO халықаралық көрме орталығының, "Ататүрік", "Көктал" саябақтарының, "Қазақ елі" монументінің маңында өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары ұлттық спорт түрлері бойынша, оның ішінде асық ату, армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру бойынша жарыстарға қатыса алады.Триатлон саябағында спортсүйер қауымды мерекелік марафон күтіп тұр.Бұл күндері аудан әкімдіктерінде көпбалалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілері табысталады.
астана
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1001/70/10017044_114:0:1554:1080_1920x0_80_0_0_01535137fa11b1cd08e59ec3186449eb.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
астана, мерекелік бағдарлама
астана, мерекелік бағдарлама
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Астанада 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күніне орай 70-ке жуық іс-шара өткізіледі. Елорда тұрғындары мен қонақтары үшін барлық төрт ауданда, ашық алаңдарда мерекелік концерттер, спорттық жарыстар, интерактивтер ұйымдастырылады, деп хабарлады қалалық әкімдіктің ресми сайты.
26 сәуір күні сағат 11:00-де Байқоңыр ауданының белсенді ұзақ өмір сүру орталығында "Қазақстан – біздің ортақ үйіміз" атты мерекелік ақпараттық-тақырыптық кездесу ұйымдастырылады. Ал бір сағаттан кейін осы орталықта Сарыарқа ауданында "1 мамыр – көктем мен еңбек мерекесі" атты концерттік бағдарлама өтеді.
27 сәуірде Мұғалімдер аллеясында "Өнерлі қол — бақытқа жол" жобасы аясында кітап көрмесі ұйымдастырылады. Сол күні сағат 11:00-де "Нұрлы жүрек" әлеуметтік қызмет көрсету орталығы "1 мамыр - Қазақстан халқының бірлігі күні" концерттік бағдарламасын, ал "Қамқор" орталығы – "Бір шаңырақ астында" флешмобын өткізеді.
28 сәуірде елордалық Достық үйінде "Мемлекеттік тіл - қазақ тілі еліміздегі тұрып жатқан барлық қазақстандықты біріктіретін күш" тақырыбында дөңгелек үстел өтеді. Оған қаланың этномәдени бірлестіктерінің өкілдері қатысады.
Елорданың жоғары оқу орындарында бұл күні арнайы тақырыптағы тәрбиелік сағаттар, квиздер өткізіледі.
"Шарапат" әлеуметтік қызмет көрсету орталығында сағат 11:00-де "Ынтымақ, бірлік, келісім - ең басты байлық ел үшін" концерттік бағдарламасы, "Үміт" дағдарыс орталығында – "Көңілді старттар" жарысы, "Жансая" орталығында балаларға арналған концерттік бағдарлама ұйымдастырылады.
Сонымен қатар 28 сәуірде Esil University-де Қазақстан этностарының салт-дәстүрлеріне арналған конкурс, Е. Серкебаев атындағы №3 балалар музыкалық мектебінде "Менің елім – Қазақстан" концерті ұйымдастырылады.
Сәкен Сейфуллин мұражайы 28 сәуір мен 3 мамыр аралығында "Бақыт жолында" көрмесіне шақырады.
29 сәуірде Сарыарқа ауданының 25 жылдығына және Қазақстан халқының бірлігі күніне орай елорда тұрғындары арасында спартакиада өтеді. Жазушылар аллеясында этномәдени бірлестіктердің, мәдениет және білім беру объектілерінің қатысуымен мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады.
Түрлі іс-шаралар 1 мамырға жоспарланған. Сағат 11:00-де Жазушылар аллеясында ұлттық спорт түрлері бойынша жарыстар өтеді. Ал Триатлон саябағында этномәдени бірлестіктер мен елшіліктердің өкілдері салтанатты түрде ағаш отырғызады. Мұнда көрме-жәрмеңке ұйымдастырылады.
Мәселен, 1 мамыр күні "Бәйтерек" монументі мен қала алаңының жанындағы алаңда сағат 12:00-де мерекелік іс-шаралар басталады. Қонақтарға арнап қала ұйымдарының шығармашылық ұжымдарының, мемлекеттік академиялық филармония әртістерінің және отандық эстрада жұлдыздарының қатысуымен концерт өтеді. Іс-шаралар қаланың аула клубтарында, саябақтарда өткізіледі. Бұл күні елордада субұрқақтар іске қосылады.
Бұдан басқа, спорттық-бұқаралық іс-шараларды EXPO халықаралық көрме орталығының, "Ататүрік", "Көктал" саябақтарының, "Қазақ елі" монументінің маңында өткізу жоспарланған. Қала тұрғындары ұлттық спорт түрлері бойынша, оның ішінде асық ату, армрестлинг, арқан тарту және гір көтеру бойынша жарыстарға қатыса алады.
Триатлон саябағында спортсүйер қауымды мерекелік марафон күтіп тұр.
Бұл күндері аудан әкімдіктерінде көпбалалы аналарға "Алтын алқа" және "Күміс алқа" төсбелгілері табысталады.