https://sputnik.kz/20230425/petropavlda-ortalyq-aziya-memleketterinin-birinen-kelgen-balalar-anyqtaldy-34262983.html
Петропавлда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды
Петропавлда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер... 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T08:48+0500
2023-04-25T08:48+0500
2023-04-25T08:48+0500
петропавл
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_1:0:3000:1687_1920x0_80_0_0_7ecc72c5faf4e46c13d9f68b7c382ad4.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына сілтеме жасап.Ресми мәліметке сәйкес, 18 сәуірде полиция ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандарымен бірге жедел-іздестіру шараларын өткізген. Сол кезде облыс орталығындағы 7 пәтерде Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.Жедел тергеу тобы құрылды. Кәмелетке толмағандардан жауап алынып жатыр.Айта кетері, осы қылмыс үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке (1 725 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.
https://sputnik.kz/20220319/zhambyl-oblysynda-123-shetel-azamaty-el-aumagynan-shygaryldy-23639786.html
петропавл
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/02/12/16321277_376:0:2625:1687_1920x0_80_0_0_fcd5e5f858499da4164200942a14ce30.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
петропавл
Петропавлда Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Петропавл қаласында Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген балалар анықталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан ішкі істер министрлігінің Telegram каналына
сілтеме жасап.
Ресми мәліметке сәйкес, 18 сәуірде полиция ұлттық қауіпсіздік комитетінің мамандарымен бірге жедел-іздестіру шараларын өткізген. Сол кезде облыс орталығындағы 7 пәтерде Орталық Азия мемлекеттерінің бірінен келген 5 жастан 15 жасқа дейінгі балалар анықталды.
"Балалардың Қазақстан аумағында заңды түрде болуын растайтын құжаттар болмады. Тұрғын үй-жай беру жолымен заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, сондай-ақ шетелдіктерге Қазақстан аумағына заңсыз кіру, шығу, ел аумағында жүріп-тұру үшін өзге де қызметтер көрсету белгілері анықталды", - дейді полицейлер.
Қазіргі кезде Қылмыстық кодекстің 394-бабының 2-бөлігі (Заңсыз көші-қонды ұйымдастыру, адам өзінің қызметтік өкілеттіктерін пайдаланып немесе адамдар тобы алдын ала сөз байласып жасаған дәл сол іс-әрекет) бойынша сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.
Жедел тергеу тобы құрылды. Кәмелетке толмағандардан жауап алынып жатыр.
Айта кетері, осы қылмыс үшін 5 000 айлық есептік көрсеткішке (1 725 000 теңгеге) дейінгі айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 1 200 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, я болмаса, бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.