Өскеменде күйеуіне ренжіген әйел суицид жасамақ болды

© Sputnik / Табылды КадырбековДевушка плачет, архивное фото
Девушка плачет, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Шығыс Қазақстан облысының орталығы Өскеменде әйел адам биіктен секіріп, суицид жасамақ болды, деп хабарлайды облыстық төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Әйел адам көпқабатты үйдің 9 қабатынан секірмек болған.
© ШҚО төтенше жағдайлар департаментіӨскеменде әйел суицид жасамақ болды
Өскеменде әйел суицид жасамақ болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Өскеменде әйел суицид жасамақ болды
"Сол жерге келген құтқарушылар балконнан секіруге оқталған әйелді көріп, дереу құтқаруға кіріседі. ТЖД мамандары автосаты арқылы балконнан пәтерге кіріп, әйелді ішке кіргізді. Іс-әрекетіне күйеуімен арасында болған ұрсыс себеп болған", - дейді баспасөз қызметі.
Жедел құтқару жасағының психологы, полиция қызметкерлері, жедел жәрдем мамандары 1989 жылы туған әйелмен сөйлесіп, психологиялық көмек көрсетті.
Жаңалықтар
0