https://sputnik.kz/20230425/oralda-qoqys-zhashiginen-zhana-tuylgan-sabi-tabyldy-34287427.html
Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Орал қаласының Надежда көшесіндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің... 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T15:49+0500
2023-04-25T15:49+0500
2023-04-25T15:50+0500
нәресте
қоқыс жәшігі
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_0:0:1920:1080_1920x0_80_0_0_2fdaf85f6ee58feb75b1c627a51aae82.jpg
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Орал қаласының Надежда көшесіндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі. Абырой болғанда ол аман. Ол қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру" бабымен тергеу басталды. Дәргерлер Sputnik Қазақстан тілшісіне баланың қатты тоңып қалғанын айтты. "Нәрестенің қазіргі жағдайы орташа ауыр. Қатты тоңған. Салқын тиген. Оған қоса гипоксиясы, жүрегінде ақауы бар. Әзірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тиісті ем алып жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі. Дәрігерлердің айтуынша, баланың салмағы 2990 гр, бойы 52 см. Ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуі бойынша бауыр паренхимасындағы орташа өзгерістер анықталған.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1223/75/12237592_82:0:1910:1371_1920x0_80_0_0_aaff0e8db97860ce2038046a1e1c0dd3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
нәресте, қоқыс жәшігі
Оралда қоқыс жәшігінен жаңа туған сәби табылды
15:49 25.04.2023 (жаңартылды: 15:50 25.04.2023) АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Орал қаласының Надежда көшесіндегі қоқыс жәшігінен жаңа туған нәресте табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"24 сәуірде сағат 11:31 шамасында тұрғындардан хабарлама түсті. Надежда көшесіндегі 66-үйдің артындағы қоқыс жәшігінде целлофан пакетке оралған жаңа туған нәресте табылған. Нәресте - ер бала", - дейді ПД баспасөз қызметі.
Абырой болғанда ол аман. Ол қалалық көпсалалы ауруханаға шұғыл түрде жатқызылды. Бұл факт бойынша ҚР ҚК 119-бабы 1-бөлігі "Қауiптi жағдайда қалдыру" бабымен тергеу басталды.
Дәргерлер
Sputnik Қазақстан тілшісіне баланың қатты тоңып қалғанын айтты.
"Нәрестенің қазіргі жағдайы орташа ауыр. Қатты тоңған. Салқын тиген. Оған қоса гипоксиясы, жүрегінде ақауы бар. Әзірге облыстық көпбейінді балалар ауруханасында тиісті ем алып жатыр", - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Дәрігерлердің айтуынша, баланың салмағы 2990 гр, бойы 52 см. Ішкі ағзалардың ультрадыбыстық зерттеуі бойынша бауыр паренхимасындағы орташа өзгерістер анықталған.