https://sputnik.kz/20230425/ministrlik-auyldardagy-arbir-uydi-internetke-qosudy-zhosparlap-otyr-34267288.html
Министрлік ауылдардағы әрбір үйді интернетке қосуды жоспарлап отыр
Министрлік ауылдардағы әрбір үйді интернетке қосуды жоспарлап отыр
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі оптикалық желілер арқылы ауылдардағы әрбір үйді интернетпен қамтамасыз етеді... 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T09:59+0500
2023-04-25T09:59+0500
2023-04-25T09:59+0500
интернет
ауыл
https://sputnik.kz/img/939/92/9399275_0:160:3073:1889_1920x0_80_0_0_a4b4ec14ec38b675b3f928cf0eb89b1a.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі оптикалық желілер арқылы ауылдардағы әрбір үйді интернетпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Министр Бағдат Мусин оптикалық желілер арқылы интернетпен қамтамасыз ету және ауылдардағы үйлерге жеткізу жоспарланып отырғанын айтты."Жалпы 3 мыңнан астам ауылды қамтуды, 60 мың км оптикалық инфрақұрылымды салуды көздеп отырмыз. Бұрын операторлар тек әкімшілік ғимараттар, соның ішінде мектептер, ауруханалар мен әкімдіктерге ғана желілер тартып, ол ауылдарда интернет бар деген мәлімет беретін. Ал нақты үйлер мен тұтынушылар операторлардың коммерциялық мүдделерінің болмауына байланысты байланыссыз қалды", - деп түсіндірді Мусин үкімет отырысында.Енді министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп "соңғы мильді" жеткізу үшін арнайы гранттарды, шағын және орта операторларды субсидиялауды жоспарлап отыр.Сондай-ақ 134 ауылда спутниктік трансмиссияны жерүсті трансмиссиясына (РРЖ) ауыстыру жоспарлануда.Бұл бастамалар қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы Интернетке қолжетімділік алшақтығын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деді цифрлық даму министрі.Айта кетері, Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 4 974-і, яғни 77 пайызы мобильді интернетке қосылған. 2 928 елді мекен – 4G-ге қосылған, 2 046 елді мекен 3G технологиясымен қамтамасыз етілген.Сонымен қатар халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған.
https://sputnik.kz/20230425/qazaqstannyn-avtozholdarynda-mobildi-internet-bolady-34266319.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/939/92/9399275_171:0:2902:2048_1920x0_80_0_0_def93f6f9cf322d0e21f45f2b8ead9f8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
интернет, ауыл
Министрлік ауылдардағы әрбір үйді интернетке қосуды жоспарлап отыр
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш министрлігі оптикалық желілер арқылы ауылдардағы әрбір үйді интернетпен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Министр Бағдат Мусин оптикалық желілер арқылы интернетпен қамтамасыз ету және ауылдардағы үйлерге жеткізу жоспарланып отырғанын айтты.
"Жалпы 3 мыңнан астам ауылды қамтуды, 60 мың км оптикалық инфрақұрылымды салуды көздеп отырмыз. Бұрын операторлар тек әкімшілік ғимараттар, соның ішінде мектептер, ауруханалар мен әкімдіктерге ғана желілер тартып, ол ауылдарда интернет бар деген мәлімет беретін. Ал нақты үйлер мен тұтынушылар операторлардың коммерциялық мүдделерінің болмауына байланысты байланыссыз қалды", - деп түсіндірді Мусин үкімет отырысында.
Енді министрлік Дүниежүзілік банкпен бірлесіп "соңғы мильді" жеткізу үшін арнайы гранттарды, шағын және орта операторларды субсидиялауды жоспарлап отыр.
"2020 жылы 1200 ауылға оптикалық желі жеткізілген болатын. Бірақ әр үйге дейін оптиканы жеткізу дұрыс қолға алынбаған. Біз сол ауылдардағы 300 мың үйді Интернетке қосамыз. Одан басқа оптиканы тарту мүмкіндігі жоқ 500 ауыл қалып отыр, оларға спутниктер арқылы интернет жеткізіледі", - деді министр.
Сондай-ақ 134 ауылда спутниктік трансмиссияны жерүсті трансмиссиясына (РРЖ) ауыстыру жоспарлануда.
Бұл бастамалар қалалық және ауылдық елді мекендер арасындағы Интернетке қолжетімділік алшақтығын қысқартуға, ақпараттың қолжетімділігін арттыруға мүмкіндік береді, деді цифрлық даму министрі.
Айта кетері, Қазақстанда 6 406 елді мекен бар, оның 4 974-і, яғни 77 пайызы мобильді интернетке қосылған. 2 928 елді мекен – 4G-ге қосылған, 2 046 елді мекен 3G технологиясымен қамтамасыз етілген.
Сонымен қатар халық саны 200 мыңнан асатын 1432 ауыл кең жолақты мобильді интернетпен қамтылмаған.