https://sputnik.kz/20230425/kolginov-uyleri-surilgeli-zhatqan-g-park-zhayly-kompaniya-adal-zhumys-istedi-34275996.html
Көлгінов үйлері сүрілгелі жатқан G-Park жайлы: компания адал жұмыс істеді
Көлгінов үйлері сүрілгелі жатқан G-Park жайлы: компания адал жұмыс істеді
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордада G-Park компаниясы салып жатқан үйлердің сүрілуіне қатысты түсініктеме... 25.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-25T12:30+0500
2023-04-25T12:30+0500
2023-04-25T12:30+0500
құрылыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34148835_0:120:1280:840_1920x0_80_0_0_f9aa74d92464ae706ebdf29a992a5eb0.jpg
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордада G-Park компаниясы салып жатқан үйлердің сүрілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Көлгінов Астана әкімдігін басқарғанда құрылыс компаниясы адал жұмыс істеген."Мен әкім болғанда G-Park өте адал жұмыс істеді. Өзін әлеуметтік жауапты бизнес ретінде көрсетті – көптеген мұқтаж жандарға көмектесті. Мен компанияны тек осы жағынан ғана білемін", - деді вице-премьер үкімет кулуарында.Экс-әкімнің айтуынша, проблемаға шаруашылық жүргізуші екі субъектінің арасындағы дау себеп болып отыр.Бұған дейін Астана әкімдігі құрылысы заңсыз жүргізілген "Вашингтон" мен "Дублин" тұрғын үй кешендерінің (екеуі де G-Park компаниясына тиесілі) үлескерлері өз пәтерін алатынын мәлімдеді."Дублин" тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Жер телімі жылу магистралін салуға арналған. Осыған байланысты ол жерде құрылыс тоқтатылды. Тұрғызылған құрылыс нысандары құлатылып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады.Ал "Вашингтон" тұрғын үй кешені бойынша G-Park компаниясына заңбұзушылықтарды жою және барлық қажетті рұқсатты рәсімдеу тапсырылды.
https://sputnik.kz/20230422/vashington-zhane-dublin-turgyn-uylerinin-uleskerleri-oz-paterin-alady---akimdik-34203410.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/14/34148835_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_46aa4308694fcea4a8789d59bdae5bd1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
құрылыс
Көлгінов үйлері сүрілгелі жатқан G-Park жайлы: компания адал жұмыс істеді
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Вице-премьер, Астананың бұрынғы әкімі Алтай Көлгінов елордада G-Park компаниясы салып жатқан үйлердің сүрілуіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Көлгінов Астана әкімдігін басқарғанда құрылыс компаниясы адал жұмыс істеген.
"Мен әкім болғанда G-Park өте адал жұмыс істеді. Өзін әлеуметтік жауапты бизнес ретінде көрсетті – көптеген мұқтаж жандарға көмектесті. Мен компанияны тек осы жағынан ғана білемін", - деді вице-премьер үкімет кулуарында.
Экс-әкімнің айтуынша, проблемаға шаруашылық жүргізуші екі субъектінің арасындағы дау себеп болып отыр.
"Басқарма мамандары инженерлік желілерге рұқсат берген кезде, байқамай қалған. Осыдан қателік кетті. Әкімдік бізге хабарлағандай, шаруашылық жүргізуші екі субъекті келісімге келген, тұрғындардың ешқайсысы зардап шекпейді", - деп сендірді Көлгінов.
Бұған дейін Астана әкімдігі құрылысы заңсыз жүргізілген "Вашингтон" мен "Дублин" тұрғын үй кешендерінің (екеуі де G-Park компаниясына тиесілі) үлескерлері өз пәтерін алатынын мәлімдеді.
"Дублин" тұрғын үй кешенінің құрылысы рұқсат құжаттарынсыз жүргізілген. Жер телімі жылу магистралін салуға арналған. Осыған байланысты ол жерде құрылыс тоқтатылды. Тұрғызылған құрылыс нысандары құлатылып, рұқсат етілген жерге ауыстырылады.
Ал "Вашингтон" тұрғын үй кешені бойынша G-Park компаниясына заңбұзушылықтарды жою және барлық қажетті рұқсатты рәсімдеу тапсырылды.