Көкшетаудағы зираттан пакетке оралған адамның бас сүйегі табылды

© Sputnik / Вадим Жернов / Медиабанкке өтуРазрушенное кладбище, архивное фото
Разрушенное кладбище, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
АЛМАТЫ, 25 сәуір – Sputnik. Көкшетау қаласы "Бармашино" ауданындағы зираттан пакетке оралған адамның бас сүйегі табылды, деп хабарлайды Ақмола облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
24 сәуірде адамның басын зират тазалаушы тауып алған.
"Көкшетау қаласының полиция басқармасына облыс орталығының тұрғынынан аллея маңындағы "Бармашино" ауданындағы зираттан адамның бас сүйегі мен сүйегінің сынықтары салынған пакет табылғандығы туралы телефон хабарламасы түсті. Пакет зиратты тазарту кезінде табылды", - дейді ведомство.
Жедел-тергеу тобы тексеру кезінде сүйек қалдықтарын анықтады. Сот-медициналық сараптама жасалып, іс жүргізу шешімі қабылданады.
Жаңалықтар
0