Мәдениет

Астана іргесінде ашық аспан астындағы музей салынып жатыр

© Photo : Министерство культуры и Астана іргесіндегі ашық аспан астындағы музей
Астана іргесіндегі ашық аспан астындағы музей - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Жазылу
Кешен 412 гектар аумақты алады
АСТАНА, 25 сәуір – Sputnik. Елорда маңында республикадағы ең үлкен ашық аспан астындағы музейдің құрылысы жүріп жатыр, деп хабарлайды мәдениет және спорт министрлігі.
"Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығы мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысымен салынып жатыр.
"412 гектар аумақты алып жатқан кешен еліміздегі ең үлкен ашық аспан астындағы музей саналады. Қазіргі кезде музей аумағына қос қапталдан кіруге арналған биіктігі 7 метрден асатын кіреберіс қақпа мен бекініс қабырғаларының құрылысы басталды. Кіреберіс пен бекіністегі мұнаралар сол кезеңдегі технология бойынша арнайы жасалған құрылыс материалдарымен қапталады", - делінген хабарламада.
Жобаның негізгі мақсаты – ашық астап астындағы музейде дала өркениетінің озық жетістіктерін көрсету. Мұнда Бозоқ қалашығымен қатар, энеолит дәуірінен орта ғасырларға дейінгі тарихи кешендердің тарихи реконструкциясы бой көтереді. Әр кешенде материалдық және рухани мәдениеттің қалыптасу тарихы көрсетіледі: сарай кешендері, ғибадатханалар, тұрғын үйлер, металлургиялық және қыш пештер, ұстаханалар мен шеберханалар, қолөнершілер орамы, ортағасырлық базар, петроглифтер.
© Photo : Министерство культуры и Астана іргесінде ең үлкен ашық аспан астындағы музей салынып жатыр
Самый большой музей под открытым небом строится близ Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Астана іргесінде ең үлкен ашық аспан астындағы музей салынып жатыр
"Бүгінгі жастар көзбен көріп, қолмен ұстауға болатын ақпаратты жақсы қабылдайды. Жаңа форматтағы музей оларға сол дәуірдің атмосферасын, халықтың тұрмысын толық сезінуге және дала өркениетінің озық мәдениетімен танысуға мүмкіндік береді. Бұл жоба болашақта Қазақстанның танымал туристік брендтерінің біріне айналатыны анық", - дейді МСМ "Бозоқ" мемлекеттік тарихи-мәдени музей-қорығының директоры Сәуле Бөрібаева.
© Photo : Министерство культуры и Астана іргесінде ең үлкен ашық аспан астындағы музей салынып жатыр
Самый большой музей под открытым небом строится близ Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.04.2023
Астана іргесінде ең үлкен ашық аспан астындағы музей салынып жатыр
Министрлік, сондай-ақ, "Бозоқ" жобасы шағын және орта бизнесті дамытуға, жаңа жұмыс орындарын ашуға серпін береді деп санайды.
Жаңалықтар
0