https://sputnik.kz/20230424/zhetisu-oblysynda-oqushy-kolikpen-4-zhasar-buldirshindi-qagyp-ketti-34258305.html
Жетісу облысында оқушы көлікпен 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті
Жетісу облысында оқушы көлікпен 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті
Sputnik Қазақстан
Honda Odyssey шетелдік көлігінің рөлінде 15 жастағы оқушы отырды 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T18:47+0500
2023-04-24T18:47+0500
2023-04-24T19:14+0500
оқиға
жетісу
оқушы
көлік
бүлдіршіндер
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_0:78:1280:798_1920x0_80_0_0_98118bf78d7ccc93c2d28343a9181c5e.jpg
ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 сәуір - Sputnik. Жетісу облысында 4 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда қатты жылдамдықпен жүрген автокөлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қалай қағып кеткені көрінеді.Жол апаты 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болған. Аймақ полициясы ақпаратты растады. "Сарқан ауданының полицейлері іс жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады ведомство. Полиция кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін бермеу керектігін ескертеді.
https://sputnik.kz/20220727/almatyda-samokat-mingen-qyz-kolk-26378097.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e4/0c/15/15796365_107:0:1244:853_1920x0_80_0_0_4b6aab0e4e8162dc760365403735536b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жетісу, оқушы, көлік, бүлдіршіндер
жетісу, оқушы, көлік, бүлдіршіндер
Жетісу облысында оқушы көлікпен 4 жасар бүлдіршінді қағып кетті
18:47 24.04.2023 (жаңартылды: 19:14 24.04.2023) Honda Odyssey шетелдік көлігінің рөлінде 15 жастағы оқушы отырды
ТАЛДЫҚОРҒАН, 24 сәуір - Sputnik. Жетісу облысында 4 жасар бүлдіршінді көлік қағып кетті. Қайғылы оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бейнежазба әлеуметтік желілерде тарап кетті. Онда қатты жылдамдықпен жүрген автокөлік жолдан өтіп бара жатқан баланы қалай қағып кеткені көрінеді.
Жол апаты 23 сәуір күні кешке Сарқан қаласының көшелерінің бірінде болған. Аймақ полициясы ақпаратты растады.
"Сарқан ауданының полицейлері іс жүргізіп жатыр. Қажетті сараптамалар жасалып, сотқа дейінгі тергеу басталды. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды", - деп хабарлады ведомство.
Полиция кәмелетке толмағандарға көлік тізгінін бермеу керектігін ескертеді.