Ұлытау облысында ауыл тұрғындары алкогольден бас тартты

© Sputnik / Виталий Тимкив / Медиабанкке өтуПокупатель выбирает товар в киоске
Покупатель выбирает товар в киоске - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысындағы Жаңаарқа ауданына қарасты ауылдардың бірінде халық ішімдіктен толығымен бас тартқан, мұнда алкоголь өнімдерін ішпейді және сатпайды.
Бұл тұрғындардың өз қалауы. Нәтижесінде ауылдық округте соңғы 3 жылда бірде-бір қылмыс тіркелмеген, деп хабарлайды "Хабар 24".
Жергілікті тұрғындар алкогольден бас тарту бастамасын алдымен жастар көтергенін айтады. Бұл идеяны ауыл тұрғындарының барлығы қолдады. Алкогольді ішімдіктерді тұтынуға тыйым салып қана қоймай, оларды дүкен сөрелерінен де алып тастаған.
"Жастарымыз өте белсенді. Барлығымыз ішімдік ішуге үзілді-кесілді қарсымыз. Ішімдіктің болмауы – тыныш өмірдің кепілі", - дейді С.Сейфуллин атындағы ауылдың тұрғыны Нұрлан Орынбайұлы.
Ауылдық округ құрамына үш елді мекен кіреді. Жергілікті учаскелік инспектор қазір іс жүзінде ауылдарға бармайды. Көбінесе ол аудан орталығында жүреді.
"Соңғы жылдары бұл ауылда бірде-бір қылмыс тіркелген жоқ. Ауыл жастары не жеке кәсіппен, не мал шаруашылығымен айналысады", - дейді учаскелік инспектор Сәкен Қартаев.
Сәкен Сейфуллин атындағы ауылда қазір барлық мереке ішімдіксіз өтеді. Дүкендері бар кәсіпкерлер де, тұрғындар да бұл өнімдерден өз еркімен бас тартты.
"Есігіміз күндіз-түні ашық. Ұрлық-қарлық, қаскөйлер жоқ. Көбі ауыл шаруашылығымен айналысады. Сондай-ақ біздің ауылдың жігіттері спортпен шұғылданады, мықты", - дейді С.Сейфуллин атындағы ауылдың тұрғыны Алданыш Әменов.
Жастар фермерлікпен айналысады. Ауылда шаруа қожалықтары көбейіп келеді, қазір олардың саны 85-ке жетті.
Жаңалықтар
0