Солтүстік Қазақстан тұрғыны елордада кранға шығып, жерін қайтаруды талап етті

© Sputnik / Александр Вильф / Медиабанкке өтуАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
Руслан Мұстафин Жамбыл ауданы әкімдігінен шаруа қожалығына арналған өзінің ірі жер учаскесін қайтаруды талап етті
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысының тұрғыны наразылық ретінде Астанадағы құрылыс кранына шығып, өзін өртеп жіберемін деп қорқытқан.
Бұл оқиғаға қатысты елорда полиция департаментінің баспасөз қызметі түсініктеме берді.
"Осы жылдың 24 сәуірінде сағат 11.39-да 102-арнаға ер адамның мұнара кранына көтерілгені туралы қоңырау түсті. Бұл жерге шұғыл қызметтер дереу жіберілді", - деп түсіндірді ведомство.
Полиция қоғамдық тәртіпті бұзушының іс-әрекетінің себебі анықталып, оған құқықтық баға берілетінін айтты.
БАҚ ер адамды мән-жайды анықтау үшін Астана прокуратурасына алып кеткенін жазды.
Жаңалықтар
0