Қазақстандықтар үш айда 3 миллиард теңгеге алданды

© Photo : Pixabay / councilcleИллюстративті фото
Иллюстративті фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Қазақстанда үш айдың ішінде 4 мыңнан астам интернет алаяқтық тіркелді. Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, алаяқтардың құрбаны болған адамдар 3 млрд теңгеден астам шығынға батты.
"Алаяқтық жасаудың ең көп тараған тәсілі – онлайн сауда, ол белгілі сауда алаңдарының сайттарында, сондай-ақ әлеуметтік желілер мен мессенджерлерде жарнамаларды орналастыру арқылы жүзеге асырылады. Алаяқтар тауарға немесе қызметке төмен баға көрсетіп, алдын ала төлемді немесе толық төлемді сұрайды. Биыл осындай 2 мыңнан аса қылмыс тіркелді", - деді Сүйінбай бүгінгі онлайн брифингте.
Алаяқтардың құрбаны болмау үшін бірнеше қарапайым сақтық шарасын ұмытпау керек. Олар:
тексерілген жарнама сайттарын пайдалану;
тауарды алғаннан кейін төлем жасау;
тауардың бар екеніне көз жеткізу.
Ал сатушы басқа қалада болса, тауарды таныстар немесе туыстар арқылы жіберуді сұрауға болады.
Жаңалықтар
0