Менделеев олимпиадасы химияны оқытуды жақсартады - РҒА вице-президенті

© PhotoМәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков
Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
Қазақстанда 1 мамыр мен 6 мамыр аралығында өтетін мектеп оқушыларына арналған химия бойынша 57-ші Халықаралық Менделеев олимпиадасына (ХМО-57) биыл 20-дан астам елден ұлттық олимпиада жеңімпаздары қатысады
Ұйымдастырушылар олимпиада алдына қандай мақсат қойып отыр? Бүгінгі күні мектеп оқушылары арасында химия пәні қаншалықты танымал? Бұл туралы ХМО-57 ұйымдастыру комитетінің төрағасы, Ресей ғылым академиясының вице-президенті, Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков айтты.
– Степан Николаевич, биылғы олимпиаданың негізгі мақсаты мен міндеттері қандай? Оның қатысушылары үшін қандай жаңалық бар?
– Менделеев олимпиадасының стратегиялық "ішкі" мақсаты – болашақ ұлы химик ғалымдардың халықаралық қауымдастығын қалыптастыру. Біз ең үздік мектеп оқушыларын – республикалық олимпиадалардың жеңімпаздарының басын қосамыз.
Олар бір-бірімен жай ғана жарыспайды: бағдарлама әрқашан балалардың бір-бірімен танысып, достасуына мүмкіндік беретіндей етіп дайындалады. Тәжірибе көрсеткендей, мұнда қалыптасқан байланыстар берік және ондаған жылдарға созылады. Сондықтан біз олимпиадаға қатысатын мемлекеттердің тізімін кеңейту мақсатында жаңа елдерді шақырып жатырмыз.
© PhotoМәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков
Вице-президент РАН, научный руководитель химического факультета МГУ Степан Калмыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультетінің ғылыми жетекшісі Степан Калмыков
"Сыртқы" мақсат туралы айтатын болсақ, бұл химия білімін насихаттау, озық тәжірибені тарату. Сондықтан балалар сынақтан өтетін күндері олардың тәлімгерлері, яғни, ондаған елдің химия пәнінің үздік мұғалімдері ұстаздармен кездесіп, дөңгелек үстелдер, семинарлар, шеберлік сабақтарын өткізеді.
Менделеев олимпиадасын өткізетін әрбір ел білім мен біліктілік бойынша қуатты серпін алатынына толық сенімдімін. Бұл білім сапасын арттыруға үлкен септігін тигізеді.
– Сыртқы саясаттағы өзгерістер биылғы қатысушылардың құрамына әсер етті ме?
– Құрамына Ресей тарапынан Мәскеу мемлекеттік университетінің химия факультеті мен Андрей Мельниченко атындағы қордың өкілдері кіретін ХМО ұйымдастыру комитеті олимпиада қағидаларын берік ұстанады және біз жарысқа қатысамын деген барлық елге шын жүректен қуаныштымыз. Олимпиадаға бір-бірімен әртүрлі деңгейдегі қақтығыста тұрған елдердің командалары ұзақ уақыттан бері қатысып келе жатқанын атап өткім келеді. Сонымен қатар біздің қазылар алқасының халықаралық сипатта болуы да маңызды. Оның құрамына Еуропа және Азия университеттердің өкілдері кіреді.
© PhotoРесей ғылым академиясының вице-президенті
Вице-президент РАН, научный руководитель химического факультета МГУ Степан Калмыков - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Ресей ғылым академиясының вице-президенті
Командалардың құрамына ковид әлдеқайда көп әсер етті. 2020-2021 жылдары олимпиада онлайн форматта өтті. Бірақ 2022 жылы мүмкіндік туа сала біз бетпе-бет кездесу форматына қайта оралдық. Ол кезде барлық мемлекет өз командаларын жібере алмады. Дегенмен биыл қатысушылар тізімі қалпына келіп жатыр. Тіпті Бразилия құрамасы сияқты жаңадан қатысушылар да пайда болды.
– Қазір мектеп оқушыларына болашақ мамандығының негізі ретінде химияны таңдауына не кедергі?
- Мектеп оқушыларының химияны таңдауға деген ұмтылысына соңғы онжылдықтарда маркетологтар мен түрлі "эко" өнімдерді жарнамалаушылар туындатқан хемофобия шектеу болып оытр. "Құрамында химиялық элементтер жоқ" косметика, "химиясы жоқ" көкөністер және осы секілді жарнамалар есіңізде болса керек. Бұл жағдайда жеке мүдделер нақты өндірушілерге пайдалы болғанымен, химия өнеркәсібіне орасан зор зиян келтірді және балалардың химияға деген қызығушылығын бәсеңдетті.
Химиктердің қоршаған орта үшін ең жалынды күрескерлер екенін атап өткім келеді. Химик ғалымдардың көптеген әзірлемелерін "жасыл химия" деп атауға болады. Себебі олар технологиялық процестерді қалыптастыруға, сондай-ақ бұрынғы уақытта өнеркәсіптік даму салдарынан қоршаған ортаға келтірілген залал салдарын жоюға бағытталған.
Жаңалықтар
0