Қоғам

Кореяда депортациядан қашып кеткен қазақстандықтардың соты мамырда өтеді

© Pixabay / manseok KimОңтүстік Корея
Оңтүстік Корея - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Оңтүстік Кореяда депортацияға арналған ұшаққа отырмай қашып кеткен екі қазақстандықтың ісі бойынша алғашқы сот отырысы мамырдың ортасында өтеді. Бұл туралы сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ол Қазақстан консулы Кореядағы азаматтармен кездескенін айтты.
"Олардың жағдайы жақсы. Уақытша қамау изоляторында ұстауға қатысты шағымы жоқ. Прокуратура істі сотқа тапсырды. Бірінші сот тыңдауы мамыр айының ортасында өтеді. Сіздер білесіздер, бұл жігіттерге ауыр айып тағылып отыр. Сол себепті соттың шешімін күтеміз. Олардың мемлекеттік адвокаты бар. Біз туыстарымен байланыстамыз. Жұмыс жүріп жатыр", - деді Смадияров апта сайынғы брифингте.
Сондай-ақ СІМ ресми өкілінің ақпаратынша, 26 сәуірде Сеулде Қазақстан мен Корея сыртқы саяси ведомстволары арасында консулдық консультациялардың 7-ші раунды өтеді.
"Бұл жиында Оңтүстік Кореядағы Қазақстан азаматтарының құқықтары мен мүдделерін қорғау, соның ішінде біздің азаматтарымыз үшін еңбек рұқсаты жүйесін құру мәселелерін талқылау жоспарлануда. Тараптар сондай-ақ Қазақстан үкіметі мен Корея үкіметі арасындағы Қазақстан азаматтары болып табылатын еңбекші-мигранттардың еңбек қызметі және олардың құқығын қорғау туралы келісім жобасын қарайды", - дейді Смадияров.
Еске салсақ, өткен айда Оңтүстік Кореяда депортациялық рейсті күтіп отырған 18 және 21 жастағы екі қазақстандық қашып кетті. Олар Кореяға 24 наурызда Ташкент қаласынан "Koreana" әуе компаниясының рейсімен ұшып барған. Қазақстанның екі азаматына Корея Республикасына кіруге рұқсат берілмеген.
Сол себепті олар автобустың терезесінен шығып, тікенді сым тартылған қоршаудан секіріп кеткен. Біреуі ұсталды. Ал екіншісі қашып кеткен.
Іздеуде жүрген екінші қазақстандық туралы ақпарат үшін 30 миллион вон (10 миллион теңгеден астам) ақшалай сыйақы да тағайындалды. Алайда отандасымыз үш күннен кейін полицияға өз еркімен барды.
Айбек Смадияров - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.11.2022
Кореяда қаза болған қыздың өлімінен ақша тапқысы келгендер болды – министрлік
Жаңалықтар
0