10 мамырға дейін интернет болмайды деген жалған ақпарат тарады

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуИнтернет
Интернет - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Павлодар облысында 26 сәуір мен 10 мамыр аралығында интернет өшірілетіні туралы ақпарат тарады. Цифрландыру басқармасы мұны жоққа шығарды, деп хабарлайды Stopfake.kz порталы.
WhatsApp арқылы тараған аудихабарламада сатушы әйел дүкенге ескерту қағаз келгенін айтады.

"26 сәуірден бастап 10 мамырға дейін интернет мүлдем болмайды деді. Кассалық аппарат болса, калькулятор мен таразы қойыңдар дейді. Халық қолма-қол ақшамен жүруі керек. Дүкендердің бәріне айтып жүр", - дейді ол.

Павлодар облысынан шыққан аудиожазба кеңінен тарап кетті. Облыстың цифрландыру басқармасы бұл ақпаратты жоққа шығарды.
"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. 24 сәуірдегі жағдай бойынша барлық байланыс операторының ақпараттық-телекоммуникациялық инфрақұрылымы штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Сіздерді сенімді дереккөзден алынған ақпаратқа ғана сенуге және фейк ақпарат таратпауға шақырамыз", – делінген хабарламада.
Бос қалта - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.03.2023
"Халықтың тұрмысы жақсы емес": Тоқаев ұзақ уақыт жалған есеп беріліп келгенін айтты
Жаңалықтар
0