https://sputnik.kz/20230424/igerilmey-zhatqan-891-myn-gektar-zher-memleket-menshigine-qaytaryldy-34211786.html
Игерілмей жатқан 891 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Игерілмей жатқан 891 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Игерілмей жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі комиссия жыл басынан бері мемлекет меншігіне 891... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T07:00+0500
2023-04-24T07:00+0500
2023-04-24T07:00+0500
ауыл шаруашылығы
жер
https://sputnik.kz/img/1069/35/10693590_0:0:2001:1125_1920x0_80_0_0_9c0212a2c4301c49585391678167056d.jpg
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Игерілмей жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі комиссия жыл басынан бері мемлекет меншігіне 891 мың гектар жерді қайтарды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.Жер пайдаланушыларға қатысты 486 мың га алаңда жоспардан тыс 381 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 304,7 мың га алаңда 152 нұсқама енгізілді.Жергілікті атқарушы органдардың атына жер заңнамасын бұзу фактісін жою туралы 54 ұйғарым берілді.Айта кетері, екі жыл ішінде қайтарылуға тиіс 10 млн гектардың 6,3 млн гектары мемлекет меншігіне өтті. Мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері халықты жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында аудандардың резервіне қойылады.
https://sputnik.kz/20230328/almaty-zher-uchaskesi-memleket-qaytaryldy-33327829.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1069/35/10693590_27:0:1804:1333_1920x0_80_0_0_42b4606b3e1c8eb84e825bce0340f693.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыл шаруашылығы, жер
Игерілмей жатқан 891 мың гектар жер мемлекет меншігіне қайтарылды
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Игерілмей жатқан және заңсыз берілген ауыл шаруашылығы жерлерін қайтару жөніндегі комиссия жыл басынан бері мемлекет меншігіне 891 мың гектар жерді қайтарды, деп хабарлады ауыл шаруашылығы министрлігі.
Жер пайдаланушыларға қатысты 486 мың га алаңда жоспардан тыс 381 тексеріс жүргізіліп, нәтижесінде 304,7 мың га алаңда 152 нұсқама енгізілді.
"Сонымен қатар биыл 891,7 мың га бос жатқан ауыл шаруашылығы жерлері мемлекетке қайтарылды. Бұдан басқа, әкімдіктерге қатысты 65 тексеру жүргізіліп, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерін беру туралы 117 заңсыз шешім анықталды", - делінген хабарламада.
Жергілікті атқарушы органдардың атына жер заңнамасын бұзу фактісін жою туралы 54 ұйғарым берілді.
Айта кетері, екі жыл ішінде қайтарылуға тиіс 10 млн гектардың 6,3 млн гектары мемлекет меншігіне өтті. Мемлекетке қайтарылған ауыл шаруашылығы жерлері халықты жайылыммен қамтамасыз ету мақсатында аудандардың резервіне қойылады.