Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Германияның Рамштайн әуе базасындағы жиында Батыс елдері не туралы айтты

© PhotoАмериканский военнослужащий развертывает антенну на реактивной системе залпового огня HIMARS
Американский военнослужащий развертывает антенну на реактивной системе залпового огня HIMARS - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2023
Жазылу
Киевтің күткеніне қарамастан Рамштайн авиабазасында қолдаушы елдер Украина Қарулы күштеріне НАТО жойғыш ұшақтары мен алыс қашықтыққа ұшатын зымырандарды жеткізу туралы бұл жолы да шешім шығармады және қару-жарақ ағынын он есе ұлғайтпайтыны белгілі болды, деп жазды ресейлік әскери шолушы Александр Хроленко.
21 сәуірде Германиядағы Рамштайн авиабазасында Киев режимінің қолдайтын елуге жуық елдің 11-ші кездесуі өтті. Пентагон басшысы Ллойд Остин мен АҚШ армиясы штаб басшылары комитетінің басшысы Марк Милли айтулы ілгерілеу және миссияның маңыздылығы туралы айтып, жиынға қатысушыларды қанаттандыруға тырысты.
Бірақ украиналық әскери іс-қимылдар театрындағы шынайы ахуал, цифрлар мен фактілер жағдайдың мәз емес екенін аңғартады. Бұл елдер жақында Украинаға "230-дан астам танк пен 1550 броньдалған машина, сондай-ақ украиндарға тоғыздан астам жаңа броньдалған танк бригадасын қолдауға мүмкіндік беретін басқа да жабдықтар мен материалдарды" жеткізді.
"Броньдалған техника ескі және кез келген операциялық аймақта Украина Қарулы күштерінің ілгерілеуі үшін олардың көлемі тым аз. Күзде Киевке уәде етілген жөндеуден өткен корпусы бар америкалық M1A1 Abrams танктері (АҚШ армиясының қатарындағы 31 дана техника) арнайы әскери операция аймағындағы күштердің теңгеріміне әсер ете алмайды. Сондай-ақ АҚШ-та "көктемгі шабуылға" біраз дайындықтан өткен 11 мың украиналық әскери қызметші де өзгерістер әкелуі екіталай. Киевте жедел әрекет ету үшін күштер мен құралдар жеткіліксіз, ал Батыс қарсы шабуылды талап етеді", - деп жазды Хроленко.
Әскери сарапшының пікірінше, броньдалған техникалардың шектеулі жеткізілімімен және бірнеше ондаған мың украиналық жауынгерді жедел жаттықтырумен АҚШ пен НАТО соғыс қимылдарының барысын жандандыруға тырысып жатыр. Себебі Батыс Ресей экономикасы ұзақ соғысқа төтеп бере алады, бірақ одан да қарқынды соғысқа төтеп бере алмайды деп санайды.
The Economist басылымы ақшалай шығындар соғыс қимылдарына кедергі емес деп есептейді. Өйткені Мәскеу өзінің экономикалық тепе-теңдігін сақтап, бір жылда арнайы әскери операцияға бар болғаны 5 триллион рубль немесе ЖІӨ-нің 3%-ін жұмсады. Осы уақыт аралығында Ресей үлкен көлемде әскери техника шығарды және 2023 жылы қолданыстағы 12 000 танк армиясына қосымша тағы 1500 танк дайындауды жоспарлап отыр.
Батыстың 230 танкі мен 1550 броньдалған техникасының әлеуетін әділ бағалау үшін 2022 жылдың 24 ақпанынан бастап ресейлік әскер қарсы тараптың 8820-дан астам броньдалған техникасын, оның ішінде 3000-ға жуық танкін жойғанын ескерген жөн. Ұжымдық Батыстың Ресейді тежеу мақсатында Украинаға әскери қолдау көрсетуі украин жеріндегі адам мен техника шығынын арттырып жатқанын көрсетеді.
Украина көптен бері Батыстан америкалық F-16 жойғыш ұшақтарын жеткізуді талап етіп келеді. Өткен жұмада Рамштайн авиабазасында Украинаны қолдаушы елдер бұл талапты орындаудан 11-ші рет бас тартты. Дегенмен бірнеше украиналық әскери ұшқыш 23 сәуірде Аризонадағы АҚШ Әскери-әуе күштерінің базасына өз дайындықтарын бағалау үшін келді. Дәл осы жерде америкалық F-16 жойғыш ұшақтарын басқаратын ұшқыштар дайындалады.
Жалпы эскалация баорысы Вашингтонды ерте ме, кеш пе НАТО әскери ұшақтарын Киев режиміне беруге итермелеп отыр. Бірақ бәрібір Украина Қарулы күштерінің авиаторларын жеделдетіп қайта даярлау мүмкін емес. Себебі американдық әуе көліктері қару-жарақ жүйелері мен жауынгерлік тактикасы бойынша МиГ-29 ұшақтарынан айтарлықтай ерекшеленеді. Ұшқыштарды қажетті деңгейде дайындау үшін бірнеше жылға созылатын жаттығу және жүздеген ұшу сағаты қажет.
Екінші жағынан Украинаға Польша мен Словакия жеткізген көптеген МиГ-29 ұшағы нашар күйіне байланысты қосалқы жабдық ретінде бөлшектелді. Сондықтан Рамштайн авиабазасында F-16 ұшағының баламасы ретінде кеңестік техника тақырыбы қозғалмады. Есесіне Украинаның әуе қорғанысын нығайтуға басымдық беру айтылды.
"Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі әртүрлі зениттік зымыран кешендері мен зениттік қондырғылар Украинаға АҚШ, Германия, Нидерланды, Франция, Италия, Норвегия, Канададан жеткізіледі. Бірақ Украинаның әуе шабуылына қарсы қорғаныс жүйесі жоқ. Ресейдің дәлдігі жоғары гипердыбысты зымырандарынан немесе бір жарым тонналық жоспарлау авиабомбаларынан қорғанысы жоқ. Бұл жағдайда бірнеше заманауи NASAMS зениттік зымыран кешені немесе 40 жылдық қолданыста жаудың бірде-бір ұшағын атып түсірмеген Patriot зениттік зымыран кешені өзгертпейді", - деп жазды Хроленко.
Рамштайндағы кездесу нәтижесінен кейін Украина сыртқы істер министрінің орынбасары Андрей Мельник Батыстан әскери көмекті он есеге, яғни жалпы ішкі өнімнің кем дегенде бір процентіне арттыруды талап етті. Расында да, АҚШ пен НАТО Украина армиясына әдейі шектеулі қолдау көрсетіп отырған секілді. Киевке АҚШ-тың 325 миллион долларды құрайтын 19 сәуірдегі әскери көмегінің кезекті пакеті негізінен Украина Қарулы күштерінде жетіспейтін оқ-дәрілерді қамтиды: HIMARS снарядтары, 155 миллиметрлі және 105 миллиметрлі артиллериялық оқтар, танкке қарсы миналар және TOW зымырандары.
Хроленко жазғандай, АҚШ-тың Киев режиміне 36 миллиард долларға қару-жарақ жеткізуінің қорытынды тізімі әсерлі көрінгенімен, бірақ онда "ғажайып қару" жоқ. Батыстың әскери көмегі Украина Қарулы күштерін пайда әкеліп отырған жоқ. Өткен аптада арнайы әскери операция аймағында 4000-нан астам украин әскери қызметкері қаза тапқанымен, Киев адам шығынының тек 10 процентін мойындап, қалғанын хабар-ошарсыз кеткен деп жариялады.
Бұған дейін Пентагон басшысы Ллойд Остин мен Ұлыбританияның қорғаныс министрі Бен Уоллес Вашингтонда Украина мәселесін талқылап, әскери қақтығыстың арнайы әскери операция аймағынан тыс кеңейту қаупі артып жатқанын мәлімдеді. АҚШ армиясы штаб басшылары комитетінің басшысы Марк Милли 2023 жылы Украина армиясының жеңіске жетуі екіталай екенін ашық айтты.
Әскери шолушы Александр Хроленконың Telegram арнасы.
Жаңалықтар
0