https://sputnik.kz/20230424/almatynyn-zher-qatynastary-salasynda-birqatar-zan-buzushylyq-anyqtaldy-34224241.html
Алматының жер қатынастары саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды
Алматының жер қатынастары саласында бірқатар заң бұзушылық анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T10:10+0500
2023-04-24T10:10+0500
2023-04-24T10:10+0500
заң бұзу
алматы
https://sputnik.kz/img/764/93/7649345_0:63:1200:738_1920x0_80_0_0_c551d81611183c7f3ae91a8553b77357.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286 гектарға жуық жер аударылған. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылған. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеген.Сонымен бірге қолданыстағы бас жоспар 2011 жылы өзектілігін жойған, ал жаңасы әлі бекітілмеген.Үлгі ретінде Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі учаскелердің бірінің иесі рұқсат құжатсыз тауды кесіп тастаған. Мамандардың қорытындысы бойынша кесілген топырақтың көлемі 100 мың текше метрді құрады. Бұл жерлер сату мақсатында 50 тәуелсіз учаскеге бөлінген.Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді. Алдымен бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі. Осындай 900-ден астам факт анықталды.Мысалы, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған. Осы процестерге бақылаудың болмауы бюджетке тиісті төлемдердің түспеуіне әкеп соғады. Соңғы үш жылда алдын ала деректер бойынша нысаналы мақсаты өзгерген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам қаржы төленбеген.Сонымен қатар тектоникалық үзілім аймақтарында жерлер шығарылды. Осылайша, жеке компанияның бірі аукцион өткізбестен медициналық орталық салу үшін инвестициялық жоба түріндегі Қазақфильм ауданында жер учаскесін жалға алды. Кейін аяқталмаған нысан пайдалануға берген.Алматы тұрғындары арасында тау бөктеріндегі аймақтың құрылысы ерекше резонанс туғызады. Рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды. Сәулет органдары жеке үй құрылысының эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады. Бұл үйлерді суға және жылуға қосу үшін қолда бар техникалық шарттар да ескерілмейді. Мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар жоқ.Үйлердің қабаттылығы, зираттардан санитарлық-қорғау аймағын қамтамасыз ету бойынша талаптар бұзылады. Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, іргелес аумақ: тротуарлар, серуендеу аймақтары және балалар алаңдары есебінен салынып жатқан тұрғын үй алаңын ұлғайтады.Аталған заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Олардың шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралады. Талдау жалғасуда. Оның түпкілікті нәтижелері бойынша атқарушы және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізіледі.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/764/93/7649345_67:0:1134:800_1920x0_80_0_0_a262ed7ff0bc57323c32c16b93fe684f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
заң бұзу, алматы
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Алматы қаласының жер қатынастары саласындағы бірқатар заң бұзушылықты анықтады, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.
2017 жылдан бастап жаппай демалуға және туризмге арналған рекреациялық аймақтан тұрғын аймаққа 286 гектарға жуық жер аударылған. Бұл өзгерістер экологтардың, СЭС пен өрт сөндірушілердің келісімінсіз жүзеге асырылған. Қоғамдық тыңдаулар өткізілмеген.
Сонымен бірге қолданыстағы бас жоспар 2011 жылы өзектілігін жойған, ал жаңасы әлі бекітілмеген.
"Төтенше жағдай қызметінің деректері бойынша тасқын, көшкін және сел қаупі аймағында 5 000-ға жуық нысан бар. Оларда 26 мың адам тұрады. Мысалы, Набережная көшесіндегі тік беткейдің астында сары топыраққа 12 тұрғын үй салынған. Соңғы екі жылда ландшафтты заңсыз өзгертудің 26 фактісі анықталды", - деп жазылған хабарламада.
Үлгі ретінде Наурызбай ауданының тау бөктеріндегі учаскелердің бірінің иесі рұқсат құжатсыз тауды кесіп тастаған. Мамандардың қорытындысы бойынша кесілген топырақтың көлемі 100 мың текше метрді құрады. Бұл жерлер сату мақсатында 50 тәуелсіз учаскеге бөлінген.
Жердің нысаналы мақсатын өзгерту бойынша мемлекеттік қызметтерді ұсыну процесінің ашықтығы мен бақылаудың болмауы сыбайлас жемқорлық практикасына алып келеді. Алдымен бас жоспарға сәйкес келмеу және сейсмикалық және су қорғау аймақтарында болу сылтауымен бас тартады. Кейінірек сол учаскелер бойынша өзгертуге келісім беріледі. Осындай 900-ден астам факт анықталды.
Мысалы, қала тұрғынына учаскелердің нысаналы мақсатын өзгертуге бас тартылып, бірақ біраз уақыттан кейін оларға рұқсат берілді. Бұл ретте оның учаскелерінің бірі әкімдіктің лауазымды тұлғасының туысына аударылған. Осы процестерге бақылаудың болмауы бюджетке тиісті төлемдердің түспеуіне әкеп соғады. Соңғы үш жылда алдын ала деректер бойынша нысаналы мақсаты өзгерген кезде кадастрлық құн айырмасы үшін 500 млн теңгеден астам қаржы төленбеген.
Сонымен қатар тектоникалық үзілім аймақтарында жерлер шығарылды. Осылайша, жеке компанияның бірі аукцион өткізбестен медициналық орталық салу үшін инвестициялық жоба түріндегі Қазақфильм ауданында жер учаскесін жалға алды. Кейін аяқталмаған нысан пайдалануға берген.
Алматы тұрғындары арасында тау бөктеріндегі аймақтың құрылысы ерекше резонанс туғызады. Рұқсат құжаттарын беру және келісу кезінде сыбайлас жемқорлық факторлары бар екені анықталды. Сәулет органдары жеке үй құрылысының эскизін бекіткенімен, іс жүзінде көппәтерлі тұрғын үй кешені салынады. Бұл үйлерді суға және жылуға қосу үшін қолда бар техникалық шарттар да ескерілмейді. Мектептер, балабақшалар, емханалар, жолдар жоқ.
Үйлердің қабаттылығы, зираттардан санитарлық-қорғау аймағын қамтамасыз ету бойынша талаптар бұзылады. Құрылыс салушылар бекітілген эскиздерді бұза отырып, іргелес аумақ: тротуарлар, серуендеу аймақтары және балалар алаңдары есебінен салынып жатқан тұрғын үй алаңын ұлғайтады.
Аталған заң бұзушылықтар бойынша қылмыстық істер тергеліп жатыр. Олардың шеңберінде лауазымды тұлғалардың жауапкершілігі қаралады. Талдау жалғасуда. Оның түпкілікті нәтижелері бойынша атқарушы және уәкілетті органдардың атына тиісті ұсынымдар енгізіледі.