https://sputnik.kz/20230424/almatyda-gruziyanyn-24-azamaty-ustaldy--video-34228009.html
Алматыда Грузияның 24 азаматы ұсталды – видео
Алматыда Грузияның 24 азаматы ұсталды – видео
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында интернет-алаяқтардың байланыс орталығы анықталды. Ол жерде Грузия азаматтары заңсыз табыс тапқан. Бұл туралы... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T11:55+0500
2023-04-24T11:55+0500
2023-04-24T11:56+0500
алматы
грузия
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_0:196:3067:1921_1920x0_80_0_0_0988bb5ac8c4da9baf294a93cd1dedb8.jpg
АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында интернет-алаяқтардың байланыс орталығы анықталды. Ол жерде Грузия азаматтары заңсыз табыс тапқан. Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артты. Бұдан бөлек, банк қызметкерлері және құқық қорғау органдарының атынан халықты алдайтын алаяқтар аз емес. Биыл үш айдың ішінде ғана 400-ден астам қылмыс тіркелді.Оның айтуынша, алаяқтарға сеніп қалған адамдар код пен парольді айтып қана қоймай, кредитке ақша алады. Ал кейбіреулер пәтер мен көлігін сатып, барлық ақшаны алаяқтарға жібере салған.Қазіргі кезде барлық өңірде интернет-алаяқтықты тергеу бойынша мамандандырылған топтар жұмыс істейді. Ал Астанада "Киберпол" пилоттық жобасы іске қосылды.Айта кетері, биыл үш айдың ішінде қазақстандықтар 3 миллиард теңгеге алданды.
алматы
грузия
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/03/11/16556007_249:0:2978:2047_1920x0_80_0_0_c63c59a6941eb2ffa0ae20b97745034d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, грузия
Алматыда Грузияның 24 азаматы ұсталды – видео
11:55 24.04.2023 (жаңартылды: 11:56 24.04.2023) АСТАНА, 24 сәуір – Sputnik. Алматы қаласында интернет-алаяқтардың байланыс орталығы анықталды. Ол жерде Грузия азаматтары заңсыз табыс тапқан. Бұл туралы криминалдық полиция департаменті киберқылмысқа қарсы күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай мәлімдеді, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, соңғы бірнеше айда әртүрлі инвестициялар мен инвестицияларды тарту арқылы жасалған алаяқтықтардың саны артты. Бұдан бөлек, банк қызметкерлері және құқық қорғау органдарының атынан халықты алдайтын алаяқтар аз емес. Биыл үш айдың ішінде ғана 400-ден астам қылмыс тіркелді.
"Мысалға, Алматы қаласында киберқылмысқа қарсы күрес бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында интернет-алаяқтардың колл-орталығын анықтады. Жүргізілген операция барысында Грузия Республикасының 24 азаматынан тұратын топ ұсталды", - деді Сүйінбай бүгінгі онлайн брифингте.
Оның айтуынша, алаяқтарға сеніп қалған адамдар код пен парольді айтып қана қоймай, кредитке ақша алады. Ал кейбіреулер пәтер мен көлігін сатып, барлық ақшаны алаяқтарға жібере салған.
Қазіргі кезде барлық өңірде интернет-алаяқтықты тергеу бойынша мамандандырылған топтар жұмыс істейді. Ал Астанада "Киберпол" пилоттық жобасы іске қосылды.
Айта кетері, биыл үш айдың ішінде қазақстандықтар 3 миллиард теңгеге алданды.