https://sputnik.kz/20230424/almatyda-ayeldin-basyn-kesip-tastagan-kudikti-ustaldy-34240485.html
Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған күдікті ұсталды
Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған күдікті ұсталды
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда айдың күннің аманында әйелдің басын кесіп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі полицияға... 24.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-24T14:36+0500
2023-04-24T14:36+0500
2023-04-24T15:20+0500
алматы
әйел
бас жарақаты
https://sputnik.kz/img/07e7/04/18/34244686_0:170:1659:1103_1920x0_80_0_0_7cda051d209375d30dccf96c9cac2c41.jpg
АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда айдың күннің аманында әйелдің басын кесіп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі полицияға сілтеме жасап."Алматы қалалық полиция департаменті Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Сот санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді адам тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды", - дейді ведомство.Қазір Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтiру") бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс аясында сараптамалар жасалады.Базардағы сатушылар Sputnik Қазақстан тілшісіне күдікті туралы айтып берген болатын. Саудагерлердің айтуынша, оқиға болғанға дейін ол адам күнде базарда сауда жасап жүрген. "Басын кесті деген күдікті ылғи осы базарда жүретін. Шамасы осы маңда тұратын болуы керек. Өзі шашы аппақ болып ағарып кеткен, егде жастағы адам. Ылғи осы базарда жүреді, азиат. Костюм-шалбар киіп, шырттай болып жүреді. Базарға келіп сауда жасайды. Ылғи газет-журнал, кітап сатып алып жүреді", - дейді базардағы саудагерлер.
https://sputnik.kz/20230412/almatyda-ayeldin-kesilgen-basy-tabyldy---qylmysker-izdestirilip-zhatyr-33848015.html
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/18/34244686_0:5:1659:1249_1920x0_80_0_0_ed94c92a8052a209d2abaac28ee668ab.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, әйел, бас жарақаты
алматы, әйел, бас жарақаты
Алматыда әйелдің басын кесіп тастаған күдікті ұсталды
14:36 24.04.2023 (жаңартылды: 15:20 24.04.2023) АЛМАТЫ, 24 сәуір – Sputnik. Алматыда айдың күннің аманында әйелдің басын кесіп кеткен күдікті ұсталды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі полицияға сілтеме жасап.
"Алматы қалалық полиция департаменті Шолохов көшесіндегі саябақта мәйіті табылған әйелді өлтірді деген күдіктіні ұстады. Сот санкциясымен 1962 жылы туған И. есімді адам тұтқындалды. Күдіктінің жәбірленушімен бірнеше күннен бері таныс болғаны, қылмыс жанжал кезінде жасалғаны белгілі болды", - дейді ведомство.
Қазір Алматы қаласы полиция департаментінің тергеу басқармасы Қылмыстық кодекстің 99-бабы 2-бөлігі ("Адам өлтiру") бойынша тергеу жүргізіп жатыр. Қылмыстық іс аясында сараптамалар жасалады.
Базардағы сатушылар
Sputnik Қазақстан тілшісіне күдікті туралы айтып берген болатын. Саудагерлердің айтуынша, оқиға болғанға дейін ол адам күнде базарда сауда жасап жүрген.
"Басын кесті деген күдікті ылғи осы базарда жүретін. Шамасы осы маңда тұратын болуы керек. Өзі шашы аппақ болып ағарып кеткен, егде жастағы адам. Ылғи осы базарда жүреді, азиат. Костюм-шалбар киіп, шырттай болып жүреді. Базарға келіп сауда жасайды. Ылғи газет-журнал, кітап сатып алып жүреді", - дейді базардағы саудагерлер.