https://sputnik.kz/20230423/zharkent-manynda-zhuk-koliginin-tirkemesi-tugi-qalmay-zhanyp-ketti-34215697.html
Жаркент маңында жүк көлігінің тіркемесі түгі қалмай жанып кетті
Жаркент маңында жүк көлігінің тіркемесі түгі қалмай жанып кетті
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Жетісу облысы Жаркент маңында Volvo маркалы көлігінің жүк тиелген тіркемесі жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 23.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-23T12:37+0500
2023-04-23T12:37+0500
2023-04-23T12:37+0500
өрт
https://sputnik.kz/img/07e7/04/17/34215826_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_841f9cf65c17168445d2c29207e8fff4.jpg
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Жетісу облысы Жаркент маңында Volvo маркалы көлігінің жүк тиелген тіркемесі жанып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Оқиға 23 сәуірде сағат 08:00 шамасында болды."Тіркеменің арт жағынан түтін шыға бастады да, лезде өрт лап ете қалды. Тез-тез тауарды аман алып қалуға тырыстық. Сөйтсек өрт шаш алатын құрылғыдан шығыпты. Жап-жаңа, қорапшада тұрған шаш алғыш өз-өзінен істеп тұр, қызып кеткен. Өртке сол себеп болды", - дейді көлік жүргізушісі.Жүргізуші тіркемеден көлікті ажыратып үлгерген. Ал тауарды аман алып қалу мүмкін болмады. Жүк тасушылардың айтуынша, шамамен 10 миллион теңгенің тауары күлге айналған."Оқиға орнына Шонжы ауылының № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дереу жіберілді. Өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 50 километр. 25 шаршы метр аумақта кеңсе тауарлары бар көлік тіркемесі жанған. Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкерінің күшімен өрт сағат 11-04-те сөндірілді", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/17/34215826_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_ae4614cccb78d309b9b77e4c51bc1a7d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өрт
Жаркент маңында жүк көлігінің тіркемесі түгі қалмай жанып кетті
АЛМАТЫ, 23 сәуір - Sputnik. Жетісу облысы Жаркент маңында Volvo маркалы көлігінің жүк тиелген тіркемесі жанып кетті, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оқиға 23 сәуірде сағат 08:00 шамасында болды.
"Тіркеменің арт жағынан түтін шыға бастады да, лезде өрт лап ете қалды. Тез-тез тауарды аман алып қалуға тырыстық. Сөйтсек өрт шаш алатын құрылғыдан шығыпты. Жап-жаңа, қорапшада тұрған шаш алғыш өз-өзінен істеп тұр, қызып кеткен. Өртке сол себеп болды", - дейді көлік жүргізушісі.
Жүргізуші тіркемеден көлікті ажыратып үлгерген. Ал тауарды аман алып қалу мүмкін болмады. Жүк тасушылардың айтуынша, шамамен 10 миллион теңгенің тауары күлге айналған.
"Оқиға орнына Шонжы ауылының № 6 өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері дереу жіберілді. Өрт сөндіру бөлімінен оқиға орнына дейінгі қашықтық 50 километр. 25 шаршы метр аумақта кеңсе тауарлары бар көлік тіркемесі жанған. Төтенше жағдайлар департаментінің 3 қызметкерінің күшімен өрт сағат 11-04-те сөндірілді", - деді облыстық ТЖД баспасөз қызметі.