Спорт

ФИФА президенті Қазақстанға ресми сапармен келеді

© Sputnik / Александр Кряжев / Медиабанкке өтуПрезидент ФИФА Джанни Инфантин
Президент ФИФА Джанни Инфантин - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 сәуір - Sputnik. Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұловтың шақыруымен Астанаға Халықаралық футбол федерациясының (ФИФА) басшысы Джанни Инфантино келеді.
Сапар үшінші мамырға жоспарланған.
Еске салсақ, өткен жылы күзде Парижде Барменқұлов пен Инфантиноның кездесуі өткен болатын. Кездесуде футболды дамыту, дайындық жүйесі, жарыстарды ұйымдастыру, сондай-ақ Қазақстанда футбол инфрақұрылымын жақсарту мәселері талқыланды.
Алдағы сапар аясында футбол федерацияларының басшылары Қазақстан аумағында халықаралық іс-шаралар өткізу үшін ФИФА қызметін дамыту, сонымен қатар Орталық Азия футбол ассоциацияларының өзара қарым-қатынасын жақсарту бойынша пікір алмасады.
Бұл Инфантиноның Халықаралық футбол федерациясының басшысы ретінде Қазақстанға алғашқы сапары болмақ.
Жаңалықтар
0