Өңірлер

Алматыда бірнеше үй судан ажыратылды

© Sputnik / Евгений Одиноков / Медиабанкке өтуСу, кран
Су, кран - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Алматының Түрксіб ауданында ірі су құбырының зақымдалуын жою жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлады әкімдіктің баспасөз қызметі.
"Алматы су" МКК-ның апатты бригадалары Герцен көшесінің бойында тартылған Д=500 миллиметрлі зақымдалған магистральдық су құбырында қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Апатты жағдайды жоюға 16 техника жұмылдырылды", - деп хабарлады әкімдікте.
Мына көшелердің аумағында су беру бойынша шектеулер бар:
Сүйінбай – Баянауыл Шемякин – Хмельницкий
Рысқұлов – Парковая – Құлыншақ – Бәйішев
Айша бибі шағын ауданы, Атырау, Шуақты.
Сондай-ақ Рысқұлов даңғылының автокөлікке арналған екі жолағы Герцен көшесімен қиылысатын аумақта көлік қозғалысының батыс жағына дейін уақытша жабылды.
Әкімдіктегілер қаланың басқа аудандарында суды тоқтату жоспарда жоқ екенін хабарлады.
Вода - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.06.2022
Денсаулық
Ауыз судың сапасын үйде қалай тексеруге болады - маман кеңесі
Жаңалықтар
0