https://sputnik.kz/20230423/almaty-taularynda-qar-koshkini-zhurui-mumkin-34219944.html
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Алматы тауларында қар көшкіні жүруі мүмкін
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен "Казселденқорғау" алдағы күндері қар басқан беткейлерді, тік жартастарды және... 23.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-23T17:58+0500
2023-04-23T17:58+0500
2023-04-23T17:58+0500
өңірлер
алматы
тау көшкіні
қар
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23804405_0:562:2049:1714_1920x0_80_0_0_9a0cb8fb2e0930d129c359d45641124e.jpg
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен "Казселденқорғау" алдағы күндері қар басқан беткейлерді, тік жартастарды және көшкін қаупі бар аймақтарды айналып өтіп, таулы аймақтарда жаяу жүруден бас тартуға шақырды.. 23-26 сәуір аралығында ауа температурасының көтерілуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды мегаполистің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі. Осы себепті Алматы – Ғарыш станциясы жолындағы Аюсай бөгетінің үстіндегі қар көшкіні қаупі аймағына, Шымбұлақ – Тұйықсу мұздығы жолындағы Эдельвейс қар көшкіні аймағындағы жолдарды шектеу үшін бақылау-өткізу бекеттері қойылды. Сондай-ақ "Бутаковка", "Қимасар" және "Ақсай" шатқалдарында қосымша бекеттер орнатылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментіндегілер. "Қар көшкіні кезеңі басталғаннан бері алдын ала жабылған жолдардың учаскелерінде және жету қиын жерлерде жалпы көлемі шамамен 500 мың текше метр болатын 110-нан астам өздігінен қар көшкіні жүрді. Қарды профилактикалық түсіру 20-дан астам рет жүргізіліп, 50 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
алматы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e6/03/1d/23804405_0:370:2049:1906_1920x0_80_0_0_8c90f83266fcfd30e255124f2fb9d956.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы, тау көшкіні, қар
АСТАНА, 23 сәуір – Sputnik. Алматы қаласының төтенше жағдайлар департаменті мен "Казселденқорғау" алдағы күндері қар басқан беткейлерді, тік жартастарды және көшкін қаупі бар аймақтарды айналып өтіп, таулы аймақтарда жаяу жүруден бас тартуға шақырды..
23-26 сәуір аралығында ауа температурасының көтерілуіне және қар жамылғысының тұрақсыздығына байланысты қар көшкіні жүруі мүмкін, деп хабарлайды мегаполистің төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.
Осы себепті Алматы – Ғарыш станциясы жолындағы Аюсай бөгетінің үстіндегі қар көшкіні қаупі аймағына, Шымбұлақ – Тұйықсу мұздығы жолындағы Эдельвейс қар көшкіні аймағындағы жолдарды шектеу үшін бақылау-өткізу бекеттері қойылды.
Сондай-ақ "Бутаковка", "Қимасар" және "Ақсай" шатқалдарында қосымша бекеттер орнатылды, деп хабарлады төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
"Қар көшкіні кезеңі басталғаннан бері алдын ала жабылған жолдардың учаскелерінде және жету қиын жерлерде жалпы көлемі шамамен 500 мың текше метр болатын 110-нан астам өздігінен қар көшкіні жүрді. Қарды профилактикалық түсіру 20-дан астам рет жүргізіліп, 50 мың текше метрден астам қар массасы түсірілді", - деп хабарлады Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаментіндегілер.