Қазақстанда 6 шетелдік оқу орнының филиалы ашылады

© Sputnik / Владислав ВодневСаясат Нұрбек
Саясат Нұрбек - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Биыл Қазақстанда 6 шетелдік оқу орнының филиалы ашылады. Бұл туралы ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек журналист Нартай Аралбайұлына берген сұхбатында айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Оның айтуынша, алыс-жақын шетелдер – Өзбекстан, Корея, Ресей, Түркия, Қытай университеттерінің филиалдарын ашу жоспарланып отыр.
"3-5 жылдың ішінде Қазақстанның жоғары білім келбеті жаңаша сипат алып, дамып, өзгереді", - дедіминистр.
Айта кетері, былтырғы оқу жылында еліміздің 4 қаласында шетелдік оқу орындарының филиалы ашылған. Британдық Лестер университеті Алматы қаласында өзінің кампустарын ашып, инвестиция құю арқылы нарыққа жол ашты. Кейін Алматыда Мәскеу инженерлік физика институты (МИФИ), Атырауда Губкин атындағы Ресей мұнай және газ университеті, Петропавлда Аризона университетінің филиалы ашылды. Тұңғыш рет Қазақстанның 8 өңірінен талапкерлер Петропавл қаласына оқуға барды.
Болашақ логотипі  - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
"Болашақ" гранттарының 60% енді техника және медицина саласына беріледі
Жаңалықтар
0