Ақтөбеде өрт салдарынан екі бала қаза тапты

© AP Photo / Noah BergerАрхивтегі
Архивтегі - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2023
Жазылу
Қайғылы оқиға Жангелдин көшесіндегі жеке үйде болған
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. Ақтөбеде өрт салдарынан кәмелетке толмаған екі бала көз жұмды, деп хабарлайды Polisia.kz.
Өрт туралы қоңырау түскен соң патрульдік полиция аталған мекенжайға жеткен. Олар алдыңғы есіктің жалынға оранғанын көрген.
Тәртіп сақшылары терезені сындырып, өртеніп жатқан үйге кіріп, үш адамды аман алып шықты. Кейіннен үйде кәмелетке толмаған екі бала қалғаны белгілі болды, бірақ үйдің ол бөлігіне кіру мүмкін болмады.
"Оқиға орнына келген өрт сөндірушілер арнайы қорғаныш киімін киіп үйге кірді және өртті сөндірді. Өрт салдарынан 2013 және 2019 жылы туған кәмелетке толмаған екі бала қаза тапты", - деп хабарлады полиция.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 15.03.2023
"Анамды күтемін ": Өрт кезінде диванның артынан шықпай қойған бүлдіршін көз жұмды
Жаңалықтар
0