Ұлытау облысында қатерлі ісікке шалдыққандар саны он жылда 25%-ке артқан

© Sputnik / Абзал КалиевДәрітамызғыш
Дәрітамызғыш - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ұлытау облысында онкологиялық аурулардың артуына зымыранның қатысы жоқ. Бір жылға жуық зерттеу жүргізген ведомствоаралық комиссия осындай шешім шығарды.
Зымыран әсер етпесе, дерт неге дендеп барады? Қара халық кейінгі 10 жылда қатерлі ісіктің 25%-ке арту себебін білгісі келеді, деп хабарлады Хабар 24.
Найля Қиясова бойында қатерлі дерттің барын ойда жоқта білген. Скринингтен өткен келіншекте 1-ші сатыдағы сүт безі ісігі анықталған.
"Осы жерде ота жасады. Қазір жағдайым жақсы. Барлық әйелге тексерістен өтіп тұруға кеңес беремін. Мына кеселді онсыз уақытында анықтау мүмкін емес екен", - дейді Жезқазған қаласының тұрғыны Найля Киясова.
Жезқазған обырға шалдығу және қайтыс болу көрсеткіші бойынша өңірлер арасында алдыңғы орында. Өткен бір жыл ішінде 308 адамнан осы дерт анықталған. Биылғы көрсеткіш тіптен көп. Небары 4 айдың ішінде 285 адам қатерлі ауруға шалдыққан.
"Кадр тапшылығы бар. Қажетті құрал-жабдықтар жетіспейді. Сондықтан Қарағандыдағы онкодиспансердің көмегіне жүгініп отырмыз. Науқастарымыз сол жақта кеңес алып қана қоймай, ем-дом шараларынан өтеді", - дейді онкологиялық бөлімшенің меңгерушісі Болат Жабаспаев.
Облыста онкологиялық диспансер жоқ. Көпсалалы ауруханада 50 төсекке шақталған бөлімше бар. Оның өзі аурудың жеңіл сатысын емдеуге ғана қауқарлы. Сондықтан, дертке шалдыққан ағайын әлі күнге Қарағандыға сабылып жүр.
"24-25 жылдары аралығында 200 адамдық онкологиялық диспансер құрылысы басталады деп жоспарланып отыр. Барлық заманауи медициналық құрал-жабдықпен және толық штатпен қамтамасыз етілетін болады", - дейді облыстық Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Бейсенбаев.
Өндіріс қалдықтары, Аралдан ұшқан тұз немесе қаланың іргесіне құлап жатқан зымыран. Қатерлі дерттің еселеп артуына осы факторлар себеп болуы мүмкін деген болжамдар айтылған. Бірақ арнайы құрылған комиссия зымыранның әсері жоқ дейді.
"Сынамаларда қауіпті заттардың жоқтығы анықталды. Яғни, барлық гиптил, кадмий, мыщяк нормадан асқан жоқ. Жергілікті халыққа алаңдауға еш негіз жоқ", - дейді Экология және табиғи ресурстар министрлігінің өкілі Рита Орынбасарова.
Үш жасар сәби сирек кездесетін қатерлі ісікке шалдықты – мұндай екі науқас қана бар
Топырақтан, ауа мен судан алынған сынамалар өндіріс қалдықтарының да әсерін жоққа шығарыпты. Тұрғындар тұтынатын тағамдар да таза екен. Комиссия қатерлі дерттің дендеуіне нақты не әсер еткенін дөп басып айта алмай отыр. Ал жергілікті әкімдік арнайы қаржы бөліп қайта зерттеу жұмыстарын бастаған. Тым болмаса, экологиялық апат аймағына енсек дейді.
Жаңалықтар
0