https://sputnik.kz/20230421/turkistan-oblysynda-kudiktiler-oqushy-qyzdy-qalay-oltirgenin-aytty-34161777.html
Түркістан облысында қос күдікті оқушы қызды қалай өлтіргенін айтты
Түркістан облысында қос күдікті оқушы қызды қалай өлтіргенін айтты
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында 9-шы сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп... 21.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-21T07:45+0500
2023-04-21T07:45+0500
2023-04-21T08:00+0500
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/169/63/1696334_0:147:3043:1859_1920x0_80_0_0_f75064b6ded1d7284aeeb3fd2c1a574c.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында 9-шы сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлады КТК.Төрткүл ауылындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған.Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген.Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті."Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен "адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.
https://sputnik.kz/20230418/turkistan-oblysyndagy-oqushy-qyzdyn-olimi-azhesi-men-anasy-sukhbat-berdi-34035371.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/169/63/1696334_185:0:2858:2005_1920x0_80_0_0_8c70a067cfb5d74b13117eb09dded0b1.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
түркістан облысы
Түркістан облысында қос күдікті оқушы қызды қалай өлтіргенін айтты
07:45 21.04.2023 (жаңартылды: 08:00 21.04.2023) АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Түркістан облысында 9-шы сынып оқушысын пышақтап, денесін суға тастаған қос күдікті қылмысты қалай жасағанын айтып берді, деп хабарлады
КТК. Төрткүл ауылындағы мектептің 11-ші сынып оқушысы мен оның 19 жастағы сыбайласы марқұм Аружан Орынбайға ұқсас қыздың жартылай жалаңаш фотосын интернеттен тауып алған.
Сол суретті бүкіл ауылға жаймас үшін Аружаннан ақша бопсаламақ болыпты. Бірақ екі арада жанжал шығып, олар 15 жасар оқушыны өз үйінің артында пышақтап тастаған. Ал денесін арыққа ағызып жіберген.
Бүгін олар қылмысты қалай жасағанын айтып, тергеушілерге оқиға орнын көрсетті.
"Күдіктілер өз кінәсін мойындап, қылмыс әрекетін қалай жасағанын оқиға орнында нақтылап көрсетті. Бүгінгі таңда екі жігіт қамауда. Оларға қатысты ҚР ҚК-нің 99-бабы, 2-бөлігімен "адам өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде", - деді Түркістан облысы ПД криминалдық полиция басқармасы бастығының орынбасары Марат Әбдірахманов.