https://sputnik.kz/20230421/rinat-zayytov-balanyn-qylmysy-ushin-anasy-akesi-34184661.html
Ринат Зайытов баланың қылмысы үшін анасын да, әкесін де жауапқа тартуды ұсынды
Ринат Зайытов баланың қылмысы үшін анасын да, әкесін де жауапқа тартуды ұсынды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов отбасындағы бір баланың қылмысы үшін жауапкершілікті бүкіл әулетке теңдей бөлуді ұсынды, деп... 21.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-21T15:58+0500
2023-04-21T15:58+0500
2023-04-21T15:59+0500
қоғам
ринат зайытов
бала
әке
ана
қылмыс
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33588422_1:0:1439:809_1920x0_80_0_0_b1609511e5863b74cffa3299f7cf62b8.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов отбасындағы бір баланың қылмысы үшін жауапкершілікті бүкіл әулетке теңдей бөлуді ұсынды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. Оның айтуынша, қазір баланың қылмысы үшін әке немесе ана кінәлі деп бөліп жарады. "Атам қазақ "отбасы – шағын мемлекет" дейді. Жауапкершілікті теңдей бөлу керек. Бір отбасында бір бала шикілік шығарды ма, ата-анасы, бүкіл әулет жауап берсін. Яғни мемлекеттен төленетін қосымша төлемдерден қағып тастай ма, ата-анасының жұмысында сөгіс бере ме, мемлекет әулеттің бір мүшесінің жасаған қылмысын теңдей бөліп алсын. Сонда ғана олар ақылдасып, біреуінің зияны біреуіне тиетін болғаннан кейін бір-біріне жаны ауырады. Ал қазір көріп отырмыз ғой, небір шенеуніктердің баласы кісі өлтірсе де, үндемейді. Ол дұрыс емес. Бала 18 жасқа толғанша ата-ананың қарамағында ма, онда бүкіл ата-анасымен, мемлекетімен жауап берсін", - дейді Ринат Зайытов мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында. Сондай-ақ ол оқушының мектепке апаратын телефонының маркасынан бастап қалтасындағы ақшасына дейін шектеу қою керек деп санайды. Бұдан бөлек, депутат қоғамға, мектепке қауіпті балаларды оқшаулауды, яғни олардың басқа мектепке ауыстырылуын қамтамасыз етуді қолға алуды ұсынды. "Бұрын мектептерде кезекші учаскелік полицей деген болатын. Соларды қайтару керек. Тәрбие меңгерушісі онымен айналыса алмайды. Мектептен шыққан баланың қай бұрышта темекі тартып, төбелесетінін біліп жүретін кезекші учаскелік полицей керек. Әйтпесе қазір ешкім білмейді", - дейді Зайытов. Сонымен қатар депутат телеарналарда отбасылық жанжалдарды талқылауды тоқтатуды талап етті. "Ақпарат министрлігіне тікелей қатысы бар. "Астарлы ақиқат" деген бағдарламаларды жабу керек", - деп мәлімдеді мәжілісмен.
https://sputnik.kz/20230418/turkistan-oblysyndagy-oqushy-qyzdyn-olimi-azhesi-men-anasy-sukhbat-berdi-34035371.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/05/33588422_181:0:1260:809_1920x0_80_0_0_69f914acc4b5d32e7fe0203068c0ad8e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ринат зайытов, бала, әке, ана, қылмыс
ринат зайытов, бала, әке, ана, қылмыс
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Мәжіліс депутаты Ринат Зайытов отбасындағы бір баланың қылмысы үшін жауапкершілікті бүкіл әулетке теңдей бөлуді ұсынды, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Оның айтуынша, қазір баланың қылмысы үшін әке немесе ана кінәлі деп бөліп жарады.
"Атам қазақ "отбасы – шағын мемлекет" дейді. Жауапкершілікті теңдей бөлу керек. Бір отбасында бір бала шикілік шығарды ма, ата-анасы, бүкіл әулет жауап берсін. Яғни мемлекеттен төленетін қосымша төлемдерден қағып тастай ма, ата-анасының жұмысында сөгіс бере ме, мемлекет әулеттің бір мүшесінің жасаған қылмысын теңдей бөліп алсын. Сонда ғана олар ақылдасып, біреуінің зияны біреуіне тиетін болғаннан кейін бір-біріне жаны ауырады. Ал қазір көріп отырмыз ғой, небір шенеуніктердің баласы кісі өлтірсе де, үндемейді. Ол дұрыс емес. Бала 18 жасқа толғанша ата-ананың қарамағында ма, онда бүкіл ата-анасымен, мемлекетімен жауап берсін", - дейді Ринат Зайытов мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитетінің отырысында.
Сондай-ақ ол оқушының мектепке апаратын телефонының маркасынан бастап қалтасындағы ақшасына дейін шектеу қою керек деп санайды.
"Проблеманың бәрі осыдан шығады. Біреу біреудің телефонына қызығады, біреудің баласының қолында 5 мың теңге ақша бар, дүкенге апарамын дейді де ойындағысын істетеді", - дейді мәжілісмен.
Бұдан бөлек, депутат қоғамға, мектепке қауіпті балаларды оқшаулауды, яғни олардың басқа мектепке ауыстырылуын қамтамасыз етуді қолға алуды ұсынды.
"Бұрын мектептерде кезекші учаскелік полицей деген болатын. Соларды қайтару керек. Тәрбие меңгерушісі онымен айналыса алмайды. Мектептен шыққан баланың қай бұрышта темекі тартып, төбелесетінін біліп жүретін кезекші учаскелік полицей керек. Әйтпесе қазір ешкім білмейді", - дейді Зайытов.
Сонымен қатар депутат телеарналарда отбасылық жанжалдарды талқылауды тоқтатуды талап етті.
"Ақпарат министрлігіне тікелей қатысы бар. "Астарлы ақиқат" деген бағдарламаларды жабу керек", - деп мәлімдеді мәжілісмен.