Риддер әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневМашина скорой помощи
Машина скорой помощи - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. 39 жастағы Риддер қаласының әкімі Дмитрий Горьковой қайтыс болды.
БАҚ-тың мәліметінше, әкімнің жүрегі тоқтап қалған.
Қаралы хабарды Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі растап, өлімнің нақты себебі кейінірек анықталатынын хабарлады.
Дмитрий Горьковой 1983 жылы 6 қазанда Шығыс Қазақстан облысында туған. 2015-2020 жылдары ШҚО Шемонаиха ауданы әкімінің орынбасары болды. 2020 жылғы қыркүйектен бастап Риддер қаласын басқарды.
Жаңалықтар
0