Экономика

Қазақстан, Ресей және Түрікменстан арасында бірыңғай логистикалық оператор құрылады

© Photo : Пресс-служба КТЖҚазақстан, Ресей және Түрікменстан арасында бірыңғай логистикалық операторы құрылады
Қазақстан, Ресей және Түрікменстан арасында бірыңғай логистикалық операторы құрылады - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2023
Жазылу
АСТАНА, 21 сәуір - Sputnik. Қазақстан, Ресей, және Түрікменстан арасында жүк тасымалын дамыту үшін бірлескен кәсіпорын құру туралы меморандумға қол қойылды, деп хабарлайды "Қазақстан темір жолы" АҚ баспасөз қызметі.
"TransRussia 2023" көлік-логистикалық қызметтердің 27-ші халықаралық көрмесі аясында "KTZ Express" АҚ, "РЖД Логистика" АҚ және "Түрікменстанның көлік-логистикалық орталығы" ААҚ арасында арнайы меморандумға қол қойылды.
Меморандумның мақсаты - "Солтүстік-Оңтүстік" халықаралық көлік дәлізінің шығыс бағытында бірыңғай логистикалық оператор құру.
Тараптар бәсекеге қабілетті тарифтік ставкаларды қалыптастыру және Ақсарай, Озинки, Болашақ, Инче-Бурун, Серахс шекаралық өткелдері арқылы Қазақстаннан, Ресейден, Түрікменстаннан Иранға, Үндістанға, Таяу Шығыс елдеріне және Азия-Тынық мұхиты өңіріне жүктерді "жіксіз" тасымалдау үшін өз құзыретін біріктіруге келісті.
Қазақстан үшін "Солтүстік-Оңтүстік" дәлізі Иран және Үндістанмен көлік-экономикалық байланыстарды дамытуға үлкен мүмкіндік бар. Қазақстандық жүк жөнелтушілердің айтуынша, бұл құрлық дәлізінің Қазақстан аумағы арқылы жүктерді жеткізуде және тасымалдауда барлық мүмкіндік қолайлы болады.
Жаңалықтар
0