Еуропа санкциялық соғыста жеңіске жетті - енді не істемек

© Sputnik / Алексей ВитвицкийФлаги с символикой Евросоюза
Флаги с символикой Евросоюза  - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.04.2023
Жазылу
Батыстағы БАҚ-та Еуропа билігінің Ресейге қарсы жариялаған санкциялық соғысының кері әсері туралы мақала жиі жарияланып жүр. Financial Times басылымына өз аты-жөнін құпия сақтауды жөн көрген Еуроодақтағы жоғары лауазымды шенеунік сұхбат беріп, алдағы уақытта Еуроодақтың Ресейге шығын келтіру туралы іс-шаралары құрлықтың өзіне үлкен шығындар әкелуі мүмкін екенін айтты, деп жазды РИА Новости.
Ресейге қарсы санкциялар қазірдің өзінде 200 ұйымды және 1500 жеке тұлғаны қамтитын он пакет түрінде енгізілген. Еуроодақ өкілдері 300 миллиард еуродан астам ресейлік мемлекеттік активті бұғаттап, көмірсутегі, технология, жабдықтар мен электроника саласындағы екіжақты сауданы 150 миллиард еуроға қысқартқанын мақтанышпен хабарлады. Еуроодақ дәл қазір 11-ші пакетті талқылап жатыр.
Бірақ расында да санкциялық шектеулер Еуропаның өзі кері әсер етіп отыр. Санкциялар көлемін ұлғайту қажеттігі туралы бұған дейін де айтылып келді. Мысалы, тоғызыншы пакет енгізілгеннен кейін Литваның еурокомиссары Виргиниюс Синкявичюс бұл санкциялар жаңа толықтыруды қажет ететін салаларды көрмей отырғанын қынжыла атап өтті.
Еурокеңес басшысы Шарль Мишель Ресейге қарсы шектеулерді кеңейту үшін көп мүмкіндіктер жоқ екенін мойындады. Ал Польша премьер-министрі Матеуш Моравецкий Еуроодақ Мәскеуге қарсы көбірек санкциялар енгізуге құлықсыз екенін хабарлады.
"Олар санкциялардың әсері ұзақ мерзімді келешекте білінеді деп сенді. Бірақ бұл сенімділік бүкіл әлемнің көз алдында бәсеңдеп жатыр. Сондықтан еуроодақтықтар басқаша пікір білдіріп жатыр. Атап айтқанда, Швецияның қаржы министрі Элизабет Свантессон "Ресейге қарсы санкциялардың әсерін өлшеу өте қиын" деп, Ресей экономикасы құлдыраудың орнына тұрақтылық пен өсім көрсетіп жатқанын айтты", - деп жазды РИА Новости.
Еурошенеуніктердің өткен жылдың аяғында "Еуропа 2027 жылға қарай Ресейден толық энергетикалық тәуелсіздікке жетуге қарқынды алға жылжып келеді" және жанармай қоймалары қазірдің өзінде 91 процентке толы екені туралы мәлімдегеніне қарамастан, нарықтың негізгі қатысушылары мен сарапшылар сәл басқаша пікірде секілді.
Бұл пікірлер Ресейден тәуелсіз Еуропадағы келесі қыстың "әлдеқайда күрделі болуы мүмкін" дегенді білдіреді. Яғни олар кез келген сөзден айқын дәлел бола алатын сандарға үңілгенін айшықтайды. Санкциялар енгізілгеннен бері Еуроодақта энергетикалық инфляция тарихтағы ең жоғарғы көрсеткішке жетті. Еуропада электр қуатының тұтыну бағасы өткен жылмен салыстырғанда кем дегенде 35 процентке қымбаттады. Венгрияда инфляция деңгейі – 25,6, Латвияда – 17,2, Чехияда – 16,5 процентті құрады. Мұның шегі қандай боларын нақты ешкім білмейді.
"Санкцияның салдарын жою үшін Еуроодақ тіпті жасыл энергия мен Грета Тунберг ұстанымдарын ұмытты. Олар жел диірмендері мен күн панельдерінің өздері насихаттаған пайдасын тез ұмытып, жаңа мұнай бұрғылауын және көмірмен жұмыс істейтін электр қуатын өндірудің ұлғаюын қуана қолдады. Rystad Energy талдау департаментінің басшысы Карлос Торрес Диас "еуропалық энергетикалық ауысу уақытша тоқтатылды" деп мәлімдеді.
Сондықтан да Болгария президенті Румен Радевкенің өткір пікір білдіруіне ешкім тоқтау болмады. "Біз Ресейге қарсы атомдық энергетикалық санкциялар қабылдай алмаймыз, өйткені бұл біздің атом энергетикамызға тікелей әсер етеді. Қажет болса, біз вето енгіземіз", - деді болагриялық көшбасшы.
Ал TotalEnergies SE басшысы Патрик Пуянне бұдан да ащы пікір айтты: "Еуропа Ресейден энергетикалық тәуелсіздік мәселесін шешті деген ой – өтірік. Еуропа үшін көбірек газ алудың жалғыз жолы – көбірек ақы төлеу".
Бірақ еуропалықтар артық қаражат жұмсауды ұнатпайды. Сондықтан олар санкциялардың артуы "әмиянның жұқаруын" білдіретінін түсінді. Осы себепті 11-ші санкциялар пакетінде "бұрынғыдан да қатал" санкциялар емес, бұрын енгізілген шараларды айналып өтуге қарсы іс-шаралар және шектеу енгізілген ұйымдар мен жеке тұлғалар тізімін біршама кеңейту қарастырылады.
"Еуроодақ өз болжамдарында оңбай қателесіп, енді Ресеймен жекелеген келіссөз жүргізуге негіз дайындап жатқаны анық. Өйткені Еуроодақ өзі отырған бұтақты өз кесіп жатқан сыңайлы әрекет жасап жатыр", - деп жазылған материалда.
Жаңалықтар
0