https://sputnik.kz/20230421/beyneude-oli-qoqiqazdar-tabyldy-34161989.html
Бейнеуде өлі қоқиқаздар табылды
Бейнеуде өлі қоқиқаздар табылды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Қызыләскер ауылынан 8 шақырым жерде өлген қоқиқаздар табылды, деп хабарлады... 21.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-21T08:17+0500
2023-04-21T08:17+0500
2023-04-21T08:17+0500
маңғыстау облысы
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18172897_0:0:2999:1687_1920x0_80_0_0_d9ccad0a61822b1f8fa535c7d09ab036.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Қызыләскер ауылынан 8 шақырым жерде өлген қоқиқаздар табылды, деп хабарлады Mangystaumedia.kz.Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енген әзірге 5 бас қоқиқаздың (фламинго) өлген денесі құм арасында жатқанын сол аумақта мал қарап жүрген мектеп оқушысы көріп, видеоға түсіріп алған.Бір қызығы мұндай жағдай тура бір жыл бұрын, яғни 2022 жылдың 24 сәуірінде болған еді. Ол кезде мамандар құстың қырылуына аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін деген пікір айтқан."Соңғы кездері Маңғыстау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, күн желді болып тұрды. Бұл құстың миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Әзірге қолайсыз ауа райынан, құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін деп болжауға болады. Себебі шөлейт бұл аумақта су көздері жоқ. Ендігі жерде ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті сынамалар алынады", - деп жазылған Mangystau Press парақшасында жарияланған ақпаратта.Қызғылт қоқиқаздар – жыл құсы. Жазда олар Ақмола облысындағы Қорғалжын қорық аймағын мекен етеді. Ал қыста Ирак немесе Түрікменстанның жылы аймақтарына көшеді. Көктемде және күзде олар Маңғыстау облысында тынығу үшін тоқтайды. Қызғылт қоқиқаз Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген.
https://sputnik.kz/20221219/mangystau-oblysyndagy-kolde-zhuzdegen-aqqu-qyrylyp-qaldy-30433893.html
маңғыстау облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/09/14/18172897_215:0:2464:1687_1920x0_80_0_0_b960dee7350a3376557c54f593e3db2f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
маңғыстау облысы
Бейнеуде өлі қоқиқаздар табылды
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Маңғыстау облысының Бейнеу ауданындағы Қызыләскер ауылынан 8 шақырым жерде өлген қоқиқаздар табылды, деп хабарлады
Mangystaumedia.kz. Бейнеу ауданына қарасты Сам құмында Қазақстанның Қызыл кітабына енген әзірге 5 бас қоқиқаздың (фламинго) өлген денесі құм арасында жатқанын сол аумақта мал қарап жүрген мектеп оқушысы көріп, видеоға түсіріп алған.
Бір қызығы мұндай жағдай тура бір жыл бұрын, яғни 2022 жылдың 24 сәуірінде болған еді. Ол кезде мамандар құстың қырылуына аймақтағы қолайсыз ауа райы себеп болуы мүмкін деген пікір айтқан.
"Соңғы кездері Маңғыстау облысының аумағында шаңды дауыл соғып, күн желді болып тұрды. Бұл құстың миграциясы Бейнеу ауданы аумағынан өтеді. Әзірге қолайсыз ауа райынан, құстардың миграциясы кезінде ішіндегі әлсіздері орта жолда қонып, әрі қарай солтүстік бағытқа ұша алмай, олардың өліміне әкелген болуы мүмкін деп болжауға болады. Себебі шөлейт бұл аумақта су көздері жоқ. Ендігі жерде ветеринарлық қызмет тарапынан тиісті сынамалар алынады", - деп жазылған Mangystau Press парақшасында жарияланған ақпаратта.
Қызғылт қоқиқаздар – жыл құсы. Жазда олар Ақмола облысындағы Қорғалжын қорық аймағын мекен етеді. Ал қыста Ирак немесе Түрікменстанның жылы аймақтарына көшеді. Көктемде және күзде олар Маңғыстау облысында тынығу үшін тоқтайды. Қызғылт қоқиқаз Қазақстанда Қызыл кітапқа енгізілген.