https://sputnik.kz/20230421/aqtauda-16-dariger-ulandy-meyramkhananyn-7-qyzmetkerinen-stafilokokk-anyqtaldy-34177770.html
Ақтауда 16 дәрігер уланды: мейрамхананың 7 қызметкерінен стафилококк анықталды
Ақтауда 16 дәрігер уланды: мейрамхананың 7 қызметкерінен стафилококк анықталды
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақтау қаласында дәрігерлер уланған мейрамханаға тексеру жүргізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Маңғыстау облыстық... 21.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-21T13:28+0500
2023-04-21T13:28+0500
2023-08-10T16:53+0500
ауызашар
дәрігер
ақтау
https://sputnik.kz/img/752/33/7523383_0:100:1921:1180_1920x0_80_0_0_1859123dfdc528f8b43f418652df6346.jpg
АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақтау қаласында дәрігерлер уланған мейрамханаға тексеру жүргізілді, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісіне Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.Қонақ үй мейрамханасында барлығы 24 қызметкер жұмыс істейді, оның 22-і дәрігерлер уланған күні ауызашар кезінде қызмет еткен.Сонымен қатар мейрамханада жарамдылық мерзімі өткен 73 түрлі өнім анықталған."Тексеру барысында 20 қызметкердің медициналық кітапшасы жалған екені анықталды, төртеуі алмаған, барлық 24 персонал жұмыстан шеттетілді. Жарамдылық мерзімі өткен 73 түрлі өнім анықталып, жойылды. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабы 2-бөліміне сәйкес, мейрамхана әкімшілігінің қылмыстық іс-әрекетін анықтау мақсатында Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды", - дейді ведомство.Еске сала кетейік, 10 сәуірде Ақтау мейрамханаларының бірінде ауызашарға барған 50 дәрігердің 16-сы астан уланып қалған.Алты адам амбулаториялық емге жіберілсе, 10 дәрігер аурухана төсегіне таңылды.
ақтау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/752/33/7523383_106:0:1813:1280_1920x0_80_0_0_22e6830c97527a9755b006abe15fe2ba.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауызашар, дәрігер, ақтау
Ақтауда 16 дәрігер уланды: мейрамхананың 7 қызметкерінен стафилококк анықталды
13:28 21.04.2023 (жаңартылды: 16:53 10.08.2023) АСТАНА, 21 сәуір – Sputnik. Ақтау қаласында дәрігерлер уланған мейрамханаға тексеру жүргізілді, деп хабарлады
Sputnik Қазақстан тілшісіне Маңғыстау облыстық санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау басқармасы.
Қонақ үй мейрамханасында барлығы 24 қызметкер жұмыс істейді, оның 22-і дәрігерлер уланған күні ауызашар кезінде қызмет еткен.
"Қонақ үйдің тамақтанатын орнына жоспардан тыс санитариялық-эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Мейрамхананың ауызашарда қызмет көрсеткен қызметкерлеріне зертханалық тексеру жүргізіліп, нәтижесінде 7 адамнан стафилококк бактериясы табылды", - деп хабарлады басқарманың баспасөз қызметі.
Сонымен қатар мейрамханада жарамдылық мерзімі өткен 73 түрлі өнім анықталған.
"Тексеру барысында 20 қызметкердің медициналық кітапшасы жалған екені анықталды, төртеуі алмаған, барлық 24 персонал жұмыстан шеттетілді. Жарамдылық мерзімі өткен 73 түрлі өнім анықталып, жойылды. "Әкімшілік құқық бұзушылық туралы" кодекстің 425-бабы 2-бөліміне сәйкес, мейрамхана әкімшілігінің қылмыстық іс-әрекетін анықтау мақсатында Ақтау қаласының полиция басқармасына хат жолданды", - дейді ведомство.
Еске сала кетейік, 10 сәуірде Ақтау мейрамханаларының бірінде ауызашарға барған 50 дәрігердің 16-сы астан уланып қалған.
Алты адам амбулаториялық емге жіберілсе, 10 дәрігер аурухана төсегіне таңылды.