https://sputnik.kz/20230421/almaty-oblysynda-600-adam-dalada-qaluy-mumkin-34182486.html
Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін
Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін
Sputnik Қазақстан
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылында қысымы жоғары газ құбыры өтетіндіктен, 137 үй сүрілмек. Салдарынан 600 адам далада... 21.04.2023, Sputnik Қазақстан
2023-04-21T15:28+0500
2023-04-21T15:28+0500
2023-04-21T15:28+0500
алматы облысы
адам
өңірлер
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1f/33486582_0:158:1659:1091_1920x0_80_0_0_cf7a17b21458d98da76c03aa2f30d4ca.jpg
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылында қысымы жоғары газ құбыры өтетіндіктен, 137 үй сүрілмек. Салдарынан 600 адам далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty.tv тілшісі. Көкөзек ауылында жаңа салынып жатқан жеке тұрғын үйлер көп. Жаңадан көшіп келгендер бұл жер телімінің қызыл сызыққа енгенін жақында білген. Ал заң бойынша ондай аумаққа құрылыс нысаны болмауы керек. Ал бұл отбасы қазір пәтер жалдап тұрады. Қар еріп, күн жылынса, "үйдің құрылысын бастаймын" деп қазық қағып кетіпті. Құрылыс материалдарын сатып әкеліп, тасын да түсіріп қойған. "Желтоқсан айында 6 соттық жерді 1,5 миллион теңгеге сатып алғанбыз. Көктемде құрылыс жұмысын бастаймын деп ойлағанмын", – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Мейрамхан Бекшетаева. Ал ауыл әкімі "тұрғындарға бір жыл бұрын ескерттік" деп сендірді. Оның айтуынша, жоғары қысымды газ құбыры өтетіндіктен, маңайында үй болмауы керек. "Қарасай ауданы жер қатынастар бөлімі тендер берді. Бағалаушылар осы маңайдағы тұрғын үйдің құнын анықтайды. Соған сәйкес шығын өтеледі. Ал келіспесе, сот арқылы жүзеге асырылады. Келісіп жатқан отбасылар бар, олардың санын қазір нақты айта алмаймын. Жұмыс жүріп жатыр", – деді Елтай ауылдық окургінің әкімі Біржан Махатов. Көпшіліктің айтуынша, қызыл сызыққа үйлерден бөлек, мектеп пен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт та түсіп тұр. Бірақ әкімдік өкілдері мектептің қауіпті аймақтан алыс жатқандығын айтып отыр. Дәрі шығаратын зауыттың да тек қосалқы ғимараты сүрілмек. Ал алаңдаулы ауыл адамдарының тағдыры тендерге қарап тұр.
https://sputnik.kz/20230420/astana-soty-vashington-turgyn-uy-keshenin-suru-turaly-sheshim-qabyldady-34127560.html
алматы облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2023
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/03/1f/33486582_0:3:1659:1247_1920x0_80_0_0_c7b5906b46dd4450e66a926225b60176.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алматы облысы, адам
Алматы облысында 600 адам далада қалуы мүмкін
АЛМАТЫ, 21 сәуір – Sputnik. Алматы облысы Қарасай ауданы Көкөзек ауылында қысымы жоғары газ құбыры өтетіндіктен, 137 үй сүрілмек. Салдарынан 600 адам далада қалуы мүмкін, деп хабарлайды
Almaty.tv тілшісі.
Көкөзек ауылында жаңа салынып жатқан жеке тұрғын үйлер көп. Жаңадан көшіп келгендер бұл жер телімінің қызыл сызыққа енгенін жақында білген. Ал заң бойынша ондай аумаққа құрылыс нысаны болмауы керек.
"Алматы-Байсерке-Талғар газ магистралінің екінші тармағы өтетіндіктен бүкіл үйді сүрмек. Бұл жерде мүгедек отбасы, жалғызбасты аналар, көпбалалы аналар бар. Енді 137 үйде 600-ден аса тұрғын бар, біз қайда барамыз?", - деді Көкөзек ауылының тұрғыны Жанар Сейітқожаева.
Ал бұл отбасы қазір пәтер жалдап тұрады. Қар еріп, күн жылынса, "үйдің құрылысын бастаймын" деп қазық қағып кетіпті. Құрылыс материалдарын сатып әкеліп, тасын да түсіріп қойған.
"Желтоқсан айында 6 соттық жерді 1,5 миллион теңгеге сатып алғанбыз. Көктемде құрылыс жұмысын бастаймын деп ойлағанмын", – деді Көкөзек ауылының тұрғыны Мейрамхан Бекшетаева.
Ал ауыл әкімі "тұрғындарға бір жыл бұрын ескерттік" деп сендірді. Оның айтуынша, жоғары қысымды газ құбыры өтетіндіктен, маңайында үй болмауы керек.
"Қарасай ауданы жер қатынастар бөлімі тендер берді. Бағалаушылар осы маңайдағы тұрғын үйдің құнын анықтайды. Соған сәйкес шығын өтеледі. Ал келіспесе, сот арқылы жүзеге асырылады. Келісіп жатқан отбасылар бар, олардың санын қазір нақты айта алмаймын. Жұмыс жүріп жатыр", – деді Елтай ауылдық окургінің әкімі Біржан Махатов.
Көпшіліктің айтуынша, қызыл сызыққа үйлерден бөлек, мектеп пен дәрі-дәрмек шығаратын зауыт та түсіп тұр. Бірақ әкімдік өкілдері мектептің қауіпті аймақтан алыс жатқандығын айтып отыр. Дәрі шығаратын зауыттың да тек қосалқы ғимараты сүрілмек. Ал алаңдаулы ауыл адамдарының тағдыры тендерге қарап тұр.