Видео

Жеті айлық қызға анасы "еден жуғызып" қойды – видео

Жазылу
Пысықай әйел сәбиін "жұмыс істеуге", атап айтқанда, бүкіл үйдегі еденді жууға мәжбүрледі! Баланың бұл шаруаны қалай атқарғанын қараңыз!
Әрине, бұл видео көңіл көтеру мақсатында ғана түсірілген. Дегенмен жеті айлық қыздың анасы қиялға қатты берілген адам болып шықты.
Нәрестеге еденді жақсы тазалайтын материалдан костюм тігу қолыңнан келсе, жаңа киім сатып алудың қажеті қанша? Осындай ойдағы әйел қызына микрофибрадан жасалған костюмді кигізді.
Видеода "еден жууға арналған" костюм киген сәби үй ішінде еңбектеуді үйреніп, сонымен қатар еденді "тазалап" жатқаны көрсетілген.
Пікір қалдыратын бөлімде әйел қызының жұмысы шала екенін, бірақ сонда да "бөтелкедегі ботқаны жеп алу үшін үзіліс беретінін" айтып қалжыңдаған.
Жаңалықтар
0